193
А л е у т а у р у ы м е н негізінен күзен ауырады, созылмалы түрде
өтеді, геморрагиялық диатезбен, анемиямен, баяу арықтаумен сипатталады.
Ауру қоздырушысы – ДНК-лы парвовирус. Аурудың нақтылы балауын қою
үшін биохимиялық әдіс – йод-агглютинациялық тест (йод сынамасы),
сонымен қатар телімді әдіс ретінде серологиялық әдіс – ИЭОФ (иммунды
электрлі осмофорез).
Қ о я н м и к с о м а т о з ы – көз қабақтарының қабынуымен, бастың,
жыныс мүшелерінің домбығуымен ерекшеленетін жіті өтетін аса жұғымтал
вирустық ауру. Қоздырушысы – Myxoma leporipoxvirus, ДНК-лы шешек
вирустарының тұқымдасына жатады. Бұл аурумен дала және үй қояндары
ауырады. Соңғыларында инфекция өте жіті өршіп, абсолютті жағдайда
өлімге шалдығады. Табиғатта аурудың тұрақты ошағы жабайы қояндар
арқылы сақталады. Негізгі берілу жолдары: трансмиссивті және алимен-
тарлы. Негізгі клиникалық белгілері: іріңді конъюнктивит, құлақтың
салбырауы, бастың ісініп, оның пішіні арыстанға ұқсауы (львиная голова),
пневмония, ринит (38-сурет). Бұл белгілер арқылы аурудың балауын қою көп
қиындықтар тудырмайды. Миксоматозды стафилококкоздан, жұқпалы
фиброматоздан ажырату керек. Бұл ауруларда көз бен кілегейлі қабықтар
зақымданбайды. Індет ошағында карантин қойылып, ондағы қояндар
сойылып, еті температуралық режимдерде өңделеді. Жарақатталған қояндар
өлтіріліп, утильденеді.
Достарыңызбен бөлісу: