Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет116/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Еуропалық шіріме
бұл ауру зілсіз өтеді, онымен 4-7 күндік балапан 
құрттар ауырып, түрлері сарғыштанып, ұяшықтың қабырғасында немесе 
аузында жиылып, өлімге шалдығады. Өлген балапан құрттар қоңыр түсті 
ашыған созылмайтын массаға айналады. Ауру қоздырушысы ретінде көпте-
ген микробтар (Streptococcus apis, Actino.nyces apis, Bac.alvei, Bac.paraalvei, 
Str.pluton) танылған. Сонымен қатар вирус қоздырады деген деректер бар. 
Бұл екі ауруда ем ретінде биомицин, стрептомицин, неомицин, 
тетрациклин, эритромицин, мономицин, канамицин сияқты антибиотиктер 
кең түрде қолданылады. Алдымен олардың сезімталдығын анықтау қажет. 
Омартаның бөліктері жалынмен дезинфекцияланады.
Қалталанған өсін
– бал арасының балапан құрттарының түсі бозғылт-
танып, өлексесі сұйыққа толы қапшыққа ұқсайтын, зілсіз өтетін ауру. Қозды-
рушысы – РНК-лы вирус. Балда 1 ай шамасында, күн сәулесімен шірігенде 7-
10 күнде өледі. 
Індеттік ерекшеліктері: көбінесе жіті түрде 5-6 күндік араның балапан 
құрттары ауырады, ересек аралар вирусты денесінде ұзақ уақыт сақтайды. 


196 
Адам мен жануарларға зиянсыз. Негізгі берілу жолдары жанасу арқылы 
(балапан құрттарды қоректендіргенде, өлексені ұядан шығарған кезде, т.б.). 
Ауырған араларды емдеуге арнайы препараттар жоқ, індет ошағында каран-
тин қойылып, ауру жойылғаннан 1 жыл өткеннен кейін алынады. 
Вирустық салдану
– ересек аралардың белсенді болуымен, кейіннен 
сыртқы әсерлерге бейтараптанып, қозғалыс әрекеттерінің баяулауымен, 
түктерінің түсіп, тақырланып, өлімге шалдығумен ерекшеленетін вирустық 
ауру. Аурудың лабораториялық балауында Романовский-Гимза әдісімен 
Моррисон денешіктерін анықтау маңызды роль атқарады. Ғылыми 
деректерде ауруды ИФР, ДПР әдістерімен балауға болатыны айтылған.
Гафниоз
(қылау) – бал арасының құрсағының қампиып, іші өтуімен, 
құрсақтарының салдануымен сипатталатын жұқпалы ауруы. Қоздырушысы – 
Hafnia alvei – полиморфты, спора түзбейтін, қозғалмалы, анелин бояула-
рымен жақсы боялатын Грамм теріс, таяқша тәріздес бактерия. 
Індеттік ерекшеліктері: ауру негізінен көктемде, әсіресе жаңбырлы 
жылдары байқалады. Аурудың шығуына араға берілетін қоректің сапасыз 
болып, орналасқан жерінің ылғалды болуы әсер етеді. Өлім көрсеткіші 
ылғалдылыққа байланысты 50-60%-ға жетеді.
Емдеу мақсатымен 1 л 50%-ды қант шырынына левомицетинді (0,2 г) 
немесе стрептомицинді (200 мың ӘБ) немесе биомицинді (100 мың ӘБ) 
қосып береді.
Бал арасы ауруларында індеттанулық зерттеу: омартаны қараудан, 
аурудан сау емес ара ұяларын анықтаудан тұрады. Сау емес ара ұяларынан 
лабораториялық зерттеулерге сынамалар алынады. Патологиялық материал 
ретінде балауыздардан 20х25 см көлемде патологиялық өзгеріске шалдыққан 
балаң құрттар немесе қуыршақтар алынады. Ересек аралардың ауырғандары 
анықталған жағдайда, ауруға тән белгілері бар, әлсіреген тірі аралар жиналып 
алынады. Балауыз арнайы төсеніші бар ағаш жәшікке салынады, ал тірі 
аралар сіріңке қораптарына немесе арнайы қағаз пакеттерге салынып 
жіберіледі. 
26- тәжірибелік сабақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет