8-тарау.
СУ ҚОЙМАЛАРЫ МЕН ТОҒАНДАРДА БАЛЫҚТЫҢ
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
27- тәжірибелік сабақ.
Балық ауруларын балау, дауалау
және олардан арылу шаралары
Жүргізу орны және әдістемесі.
Сабақ кафедра дәрісханасында жүргізі-
леді. Студентер балық ауруларын балау үшін қолданылатын әдістермен
танысып оларға қарсы күрес шараларын ұйымдастыру мәселесін үйренеді.
Алдымен лабораториялық зерттеуге материал алу, жіберу, оған жолдама
құжат толтыру әдестемелерін меңгереді.
Балықтың инфекциялық ауруларына; аэромоноз (тұқы балықтың
қызылшасы), қызыл балық фурункулезі, бронхиомикоз, жүзу жарғағының
қабынуы, псевдоманоз, сапролегиниоз, көктемгі вирустық ауру, т.б. жатады.
Аэромоноз
(қызамық, шемен, гемморагиялық септицемия) – балықтың
терісі мен ішкі мүшелерінің қанталауларымен, құрсақ қуысында сұйықтың
жиналуымен, көзінің бадыраюымен, ойық жаралардың пайда болуымен
сипатталатын жұқпалы ауру. Ауру қоздырушысы – Aeromonas punctata
(hudrophila) коктар тәріздес, қозғалатын, Грамм теріс таяқша, спора капсула
түзбейді. Қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Aeromonas punctata
өсінінің вируленттігін тұқы балыққа немесе ақ тышқанға биологиялық
сынама қою арқылы анықтайды.
Індеттік ерекшеліктері – бұл аурумен тұқы балық, сазан, табан, қара-
балық 2-3 жасында жиі ауырады. Су қоймаларында ауру қоздырушысы ұзақ
уақыт сақталады. Ауру қоздырушысы құстар, балық аулайтын жабдықтар,
шаяндар, сүлік арқылы беріледі. Ауру әдетте көктем мен жазда байқалып, 25-
80% мөлшерінде өлімге шалдығады.
Негізгі клиникалық белгілері аурудың өршулеріне байланысты. Жіті
және жітіден төмен өршігенде ауырған балық қозғалмай, таза су ағынына
жақындап немесе судың бетінде қалқып, денесін толық игере алмайды,
гидростатистикалық тепе-теңдіктер сақталмайды, жүзу жарғағының қабы-
нуы, құрсақ қуысының кебінуі байқалып (37-сурет), өлімге шалдығады.
Созылмалы түрінде балық терісінде тыртықтар байқалып, денесінің құйрық
жағы қисаяды.
Патология-анатомиялық өзгерістер бұл ауруға өте тән. Теріде қанта-
лаулар болады. Бұлшық еттері домбығып, кескенде суланып тұрады. Құрсақ
қуысы сұйыққа толып, бауыры балбырап, өт қабы толып, көкбауыр ұлғайып,
қара қошқылданады, жүректе нүктелі қанталаулар байқалады. Созылмалы
түрінде ойық жаралар кездеседі (38-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |