87474320427
117
- Әке, сізбен неше кісі келді? - дейді.
Әкесі:
- Жалғыз, - дейді.
Қыз:
- Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат көрдіңіз? - дейді.
Қарт:
- Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол қысқартайық», - деді.
Мен: «Жол қалай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірімізді-біріміз кезек арқалап отырайық», - деді.
Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата, мына егін желініп қойган ба, желінбеген бе?» -
деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім жеп қояды?» - дедім мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір ауылдан
қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік:
«Ата, жаңағы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін естідім, - дейді.
Сонда қыз тұрып:
- Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айтқан сөзіне тусінбеген екенсіз. Оның бірінші
айтқаны: «Кезекпе-кезек әнгіме айтып отырайык, жол қысқарсын»,- дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме,
кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін
ертең өзі алады, желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады,
жерді көлік жалдап жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен
бірдей болады. Үшіишісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген адам екен»,-
дегенді айтқан. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, қарт қателігін мойындап, жігіттің
қолын алып:
- Мен сенің антқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай емес, сен ақылды
жігіт екенсің, - деп, қызын соған беріпті.
13. «Ащы еңбекке - тұщы нан» деген мақал мазмұнымен сәйкес келетін жас жігіттің «кесапатты сөзі»
A) Төртінші «кесапатты сөз»
B) Үшінші «кесапатты сөз»
C) Екінші «кесапатты соз»
D) Барлық «кесапатты сөз»
Е) Бірінші «кесапатты сөз»
14. Байдың егініне сипаттама
A) Көлікті жалға алып жыртатын егін
B) Желінбеген егін
C) Борышты өтеуге берілетін егін
D) Жалға алған жерге егілетін егін
Е) Тұқымы қарызга алынган егін
15. Мәтіндегі жігіт пен қарияның іс-әрекетіне қатысты нұсқа
A) Қысқа жіп күрмеуте келмейді
B) Жер тозса - тақыр, ер тозса - пақыр
C) Көңілсіз жұмыс - өнімсіз
D) Жолаушыны жол сынайды
Е) Сабақгы ине сәтімен
16. Қарияның «жігіттің сүйкімсіз мінезі бар» деуінің себебі
A) Қонақ қылғысы келмегендіктен
B) Жігітті жақтырмағандықтан
C) Әңгімесін түсінбегендіктен
D) Қызын сақтандырғандықтан
Е) Жас жігіт болғандықган
17 Жігіт айтқан «кесапатты төрт сөздін» төртіншісінін мазмұнын анықтайтын макал
A) Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шыгады
B) Бала - артта калған із, Бақыт - ұзатылған қыз
C) Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді
D) Үйіңе келгенде, үйдей өкпеңді айтпа
Е) Жарлынын аузы ақка тисе, мұрыны қанайды
18. Мәтін бойынша жігіттін «жол қысқартайық» деген сөзінің мағынасы
A) Бір-бірін қонақ ету
B) Бір-бірін арқалау
C) Басқа жолмеи журу
D) Бір-бірімен әңгімелесу
Е) Тынығып, демалу
19. Қарияның жігіт туралы ойын өзгерткен жағдай
A) Қызының өтініші
B) Шаһар жолының ұзақшғы
C) Қазақтың қонақ жайлылығы
D) Жігіттін көнілділігі
Е) Қызының ақылдылығы
20. Жігіттің «Өлмеген адам екен» деген сөзінің мәні
A) Артында тұяқ қалған алам
B) Жора-жолдасы көп адам екен
C) Туысы жоқ адам екен
D) Баласы жок адам екен
Е) Ауылдастары көп екен
Достарыңызбен бөлісу: