3-мәтін
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың
домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлтгық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен күй деп
аталады. Бізге жеткен ек көне куйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны
бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік
шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар»,
«Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-
Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш»,
«Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына
қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық
қүйлер болып жіктеледі.
Қазақ-тың аспаптық музыкасы XVIII гасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде
Байжұма, Баламайсан, Есжаи, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа
кеңінен мәлім болды. XIX гасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы,
Дәулеткерей, Тәттімбет. Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сняқты
күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және
шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екнін мен елшемде орындалады.
Ал шертпе күйлер көбінесе жалгыз дауысты болып орындалады.
Ежелгі туркі тектес халықтарда қобыз куйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл енерді
дамытуға Кетбұга, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет
Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
7. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі
A) Психологиялық, батырлық күндер
B) Арнау күйлер, әлеуметгік күйлер
C) Тарихи күйлер, эпостық күйлер
Д) Тартыс күйлер, саяси күйлер
Е) Арнау күйлер, лирикалық күйлер
87474320427
119
8. Шертпе күйлері қалай орындалады?
А) Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен
В) Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен
С) Жалғыз дауысты болып, қолдын тұтас сілтенуімен
Д) Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен
Е) Тұракты екпінмен, саусақтың ұшымен
9. Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа
A) Домбыра әуені
B) Шертпе күй
C) Дауыс ырғағы
Д) Қобыз күйі
Е) Орындау мәнері
10. Ең көне музыкалык шығармаларды жеткізген аспаі
А)Қобыз
B) Домбыра
C) Жетіген
Д) Дауылпаз
Е) Сырнай
11. XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйші
A) Ықылас, Айрауық
B) Махамбет, Даулеткерей
C) Тәттімбет, Баламайсан
Д) Есжан, Байжігіт
Е) Қазанғап, Дина
12. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Домбыра күйлерінің құрылымдық ерскшеліктері
2. Күйлердің тақырыптары
3. Күйдің өрістеп дамуы
4. Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі
5. Күй - аспаптық жанр
A) 4,3,1,3,2
B) 3,1,3,3,4
С) 1,3,2,4,3
Д) 5,2,4.3,1
Е) 2,4,3,1,5
Достарыңызбен бөлісу: |