3-мәтін
Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың
домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен күй деп
аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы. Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны
бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік
шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар»,
«Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-
Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш»,
«Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына
қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық
қүйлер болып жіктеледі.
Қазақ-тың аспаптық музыкасы XVIII гасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде
Байжұма, Баламайсан, Есжаи, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа
кеңінен мәлім болды. XIX гасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы,
Дәулеткерей, Тәттімбет. Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сняқты
күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе
деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екнін мен елшемде орындалады. Ал
шертпе күйлер көбінесе жалгыз дауысты болып орындалады.
Ежелгі туркі тектес халықтарда қобыз куйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл енерді дамытуға
Кетбұга, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды
ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
7. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап
А) Қобыз
B) Сырнай
C) Жетіген
Д) Дауылпаз
Е) Домбыра
8. Мәтін мазмұнының реттілігі
1. Домбыра күйлерінін кұрылымдык ерекшеліктері
2. Күйлердің тақырыптары
3. Күйдін өрістеп дамуы
4. Куйдің жоғары деңгейге кетерілу кезі
5. Күй - аспаптық жанр
А) 4.3,1,5.2
В)3,1.5.2.4
С) 2.4.3,1.5
Д)5.2.4,3.1
Е) 1.5.2,4.3
9. Шерте күйлері қалай орындалады?
A) Тұракты екпінмен, саусақтың ұшымен
B) Түракты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен
C) Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен
87474320427
143
Д) Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен
Е) Жалғыз дауысты болып, саусактың ұшымен
10. XVIII гасырда халықка кеңінен мәлім болған күйшілер
A) Махамбет, Даулеткерей
B) Қазанғап, Дина
C) Ыкылас, Айрауык
Д) Есжан, Байжігіт
Е) Тәттімбет, Баламайсан
11 Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа
А) Орындау мәнері
В) Қобыз күйі
С) Дауыс ырғағы
Д) Домбыра әуені
Е) Шертпе күй
12. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі
A) Арнау күйлер. әлеуметтік куйлер
B) Арнау күйлер, лирикалық күйлер
C) Психологиялык, батырлық күйлер
Д) Тартыс күйлер, саяси күйлер
Е) Тарнхи күйлер, эпостык күйлер
Достарыңызбен бөлісу: |