Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет36/187
Дата10.04.2024
өлшемі2,72 Mb.
#200704
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   187
Байланысты:
null repaired (2)

 
1182-нұсқа 
1-Мәтін 
Бір үзім нан 
Подъезден шыққан кішкентай қыз қолындағы жұқа дорбаны әрең көтеріп, қоқыс жәшігіне 
әкелді де, аудара салды. Жапырақтай-жапырақтай кесілген, жартылай желінген аппақ нандар! 
Мұны көзі шалып қалған Ғаббас қария: 
-
Әй, балам-ау6 обал емес пе?- дегенше қыз подъезд есігіне зып беріп кіріп кетті. 
Нұржан мектептен қайтып келе жатқан. Көрші қарияның ренжіп, басын шайқап отырғанын 
көріп: 
-
Ата, кімге ренжіп отырсыз? – деп сұрады. 
-
Е-ей, балам-ай! Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Сонау сұрапыл Ұлы Отан 
соғысы жылдары біз он-оні бір жастағы бала едік. Қарнымыз тойып тамақ та ішпейміз. 
Нанды мөлшерлеп береді. Жегіміз кеп, тәбетіміз тартып тұрса да сұрамаймыз... Қазір ше? 
Нанды қадірлемейміз. Қатып қалса, қоқыс жәшігіне әкеп тастаймыз. Ысырапқа жол беріп, 
аяқасты етеміз. Олай жасауға болмайды. 
1.Әңгіменің дұрыс реті 
1.
Кішкентай қыз 2.Нан үзімдері 3.Нұржан 4.Ғаббас қария 5.Естелік 
A)4,5,1,2,3 B)2,3,4,5,1 C)3,4,5,1,2 D) 1,2,3,4,5 
E)
1,2,4,3,5 
2.Қарияны ренжіткен жағдай 
A)Қыздың қарт адамға көңіл бөлмеуі
B)Сұрапыл соғыстың есіне түсуі
C)Заманның, уақыттың өзгергендігі
D)Нанды мөлшерлеп бергені
E)Жастардың ысырапқа жол беруі 
2-Мәтін 
Марс 
 
Марс – Күннен алыстығы жөнінен төртінші ғаламшар саналады. Ғаламшардың аты ежелгі 
римдіктердің соғыс құдайы Марстың құрметіне қойылған.Оған себеп жұлдыздың қан түстес қызыл 
болғандығы деп айтылады. Ғалымдардың ұсынған болжамы бойынша, мұндай түс ғаламшардың 
атмосферасында темір оксидінің өте көп болуымен байланысты. Өз осінен айналуы бойынша Марс 
шамамен Жермен бірдей айналым жасайды. Марстағы бір жыл Жердегі 687 тәулікпен пара-пар. 
Марстың диаметрі Жерден екі есе кіші болса, салмағы 9 есе жеңіл. 
Марс Күн жүйесіндегі ең ірі тау массивіне ие. Оның ең үлкені – Олимп сөнген жанартауы.Марс 
бетінде Жердегі ең биік шың саналатын Эверестен бірнеше есе биік таулар кездеседі. 
Ертеректе Марста судың мөлшері біршама көп болса керек. Алайда ол кей беймәлім 
құбылыстарға байланысты жоқ болған. Оған дәлел – қазіргі кездегі ғаламшар бетінде қалған 
өзендердің сағалары. Сондай-ақ, тек қана судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы. 
Арнайы скафандрсыз Марс бетінде адам да, кез келген жануар да бір сәт те тіршілік етіп тұра 
алмас еді. Ғаламшар бетіндегі қысымның төмендегі соншалық, тірі жанның қан құрамындағы оттегі 
газға айналып кете береді. Бұл дегеніміз адам 5-10 секундтың ішінде жан тапсырады деген сөз. 
Марстағы тәуліктік орташа температурасы шамамен – 60

құрайды. Марста азон қабатының болмауы 
себепті, Күн шығыстан шыға саласымен ғаламшар беті адамды күйдіріп жіберетіндей радиация 
дозасын қабылдайды. 
3.Марста азон қабатының болмауының адамдарға тигізер зияны 
A) оттегі газға айналады B)дене қысымы төмендейді C)үсітіп жібереді D) қан құрамын 
өзгертеді E) күйдіріп жібереді


87474320427 
40
4.Ертеде Марста судың көп болғанының дәлелі 
A) судың әрекет етуімен түзілетін минералдардың табылуы B) Қысымның өте төмендігі 
C)Марста биік таулардың көп болуы D)Марста темір оксидінің көп болуы E) Ғаламшарда өзен 
сағаларының болмауы 
5.Ғаламшардың қызыл түсті болуын ғалымдар немен болжайды? 
A) тау массивіне ие болуы B) Озон қабатының болмауы C) темір оксидінің көп болуы D) өзен 
сағалары E) минералдардың табылуы 
6.Марстағы орташа тәуліктік температура қанша болады? 
A) – 37

B) – 24

C) – 60

D) – 687

E) – 22,7



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет