Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет39/187
Дата10.04.2024
өлшемі2,72 Mb.
#200704
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   187
Байланысты:
null repaired (2)

1176-нұсқа 
1-мәтін 
Хандық дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ әйелі 
1821 жылы Уәли хан дүниеден өткенде Айғаным 38 жаста болатын. Үміт күткен ұлы Шыңғыс 
әкеден бар болғаны 10 жасында қалыпты. Осы тұста Ресей патшалығы Айғанымды «Орта жүздің 
ханы» деп таниды. 
Уәлидің өзге әйелдерінен қаншама ұлдары бола тұра, таққа Айғанымның отыруы патша үкіметіне 
өте қолайлы еді. Осыған орай Айғанымды «хандық дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ әйелі» 
деп атаушылар да бар. Бірақ бұл хандық ұзаққа созылмай, 1822 жылы М.М.Сперанскийдің «Сібір 
қазақтарын басқару» атты ережесі шығады да, Орта жүздің хандығы жойылып, қазақтары: 
Құсмұрын, Көкшетау, Ақмола, Баян, Қарқаралы, Аякөз аталған алты дуанға бөлініп кетеді. Ал 
Айғаным Көкшетау дуанына біраз жыл аға сұлтан болып тұрады. Бұл туралы ғалым Әлкей 
Марғұлан: «Айғаным – ақылды, көреген, өз заманына сай білімді болған әйел. Ол шығыстың 
бірнеше тілін білген, орыс мәдениетіне ден қойып, Сыртқы істер министрлігінің Азия 
департаментімен және Петербордағы Сібір комитетімен хат жазысып, байланысып отырған», - 
дейді. Айғаным жергілікті халықтың арасында өте зор беделге ие болған.
1. Айғанымның жергілікті халықтың арасында зор беделге ие болуының себебі 
A) Өте білімді, ақылды болғандықтан 
B) Бірнеше тіл біліп, хат жаза алғандықтан 
C) Жергілікті халықтың жағдайын жасағандықтан 
D) Хандық дәрежесіне көтерілген әйел болғандықтан 
E) Аға сұлтан қызметін мінсіз атқарғандықтан 
2. Айғанымның хандық дәуірінің ұзаққа созылмауының себебі 
A) Көкшетауда хандық билік жойылған соң 
B) Қазақ жерінде хандық дәуір жойылған соң 
C) Орта жүзде хандық жойылған соң 
D) Аға сұлтан қызметіне тағайындаған соң 
E) Хандықты баласына беруіне байланысты 
2-мәтін 
Домалақ ананың қадір – қасиеті ертеден ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-
әңгіме көп. 
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің 
ауылын шауып, сан мың жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда 
болмаса керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына 
үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрила 
(Домалақ ана): «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі – құла айғыр қолда қалды. Амандық 
болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға келеді. Жауды қума, 
азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз», деп, өз отауының белдеуінде байлаулы тұрған, 
жүген – құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің 
тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, 
қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасаққа 
теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері 
қайтыпты. Арада алты күн өткенде, байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен 
кісінпті. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың 


87474320427 
43
жылқысы көрінеді. Ереуілден барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша 
үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. 
3.Мәтіннің басты идеясы 
A) Құла айғырдың құдіретін көрсету 
B) Жаугершілік заман қиындығын көрсету 
C) Қазақ жігіттерінің ерлігін дәріптеу 
D) Бәйдібек байдың сабырсыздығын сынау 
E) Домалақ ананың көріпкелділігін таныту 
4. Домалақ ананың: «Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға 
келеді» - деуінің мәні 
A) Жылқылар жат жерді құла айғырсыз жерсінбейді деп жорамалдады 
B) Құла айғырдың үйірінің ауылда құлындары қалғанына қарап осылай айтты 
C) Жылқының барлығы айдауға көнбейтін жүген-құрық тимеген асау болғандықтан 
D) Малдың құты құла айғыр үйде қалған, ал жылқы құла айғырдың дауысын естіп кері 
қайтарын білді 
E) Құлы айғырсыз жылқылар басқа үйірге қосылмай, тойынған соң оралатынын білді. 
5. Мәтіндегі Бәйдібек байдың әрекетін ашатын мақал-мәтел 
A) Алысқан жауға арқаңды көрсетпе 
B) Қорқақты көп қусаң, батыр болады 
C) Жауды аяған жаралы 
D) Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз 
тартар 
E) Асығыс түбі – қып – қызыл шоқ 
6. Белдеуде байлаулы тұрған шу асау айғырдың айдауда кеткен жылқыларға қатысы 
A) Жылқының құты, иесі 
B) Жылқы ішіндегі ең кәрісі 
C) Жылқы ішіндегі ең жүйрегі 
D) Жылқының жорғасы 
E) Жылқының ең асауы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет