Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет5/187
Дата10.04.2024
өлшемі2,72 Mb.
#200704
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   187
Байланысты:
null repaired (2)

1050-нұсқа 
1-мәтін 
 
ЭКСПО. Асқақ әнші – Әміре Қашаубаев 
«ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ – 1925 жылы Парижді салған әнімен тамсантқан Әміре 
Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығын жарты ғасырға жуық уақыт зерттеп келе жатқан зерделі 
музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрімнің әнші туралы кезекті 
еңбегі жарық көрді. 
Бұған дейін «Әміре», «Ән жұлдызы», «Амре Қашаубаев: жизнь в искусстве», «Ән асқары – Әміре», 
«Әміре Қашаубайұлы» атты кітаптарды шығарған автордың «Амре в Париже» атты орыс тіліндегі 
жаңа еңбегінің таныстырылымы Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтті. Аталмыш 
шара «ЭКСПО-2017» көрмесі мен асқақ әншінің 130 жылдығына арналды. 
Әміреге қатысты тағы бір ақжолтай жаңалықты жеткізейік. 2016 жылы Әміре тұлғасы театр сахнасына 
көшіріліп, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында 
әнші туралы драма қойылған болатын. 
1. «ЭКСПО-2017» көрмесі мен әншінің 130 жылдығына арналған іс-шара 
A) Қалың көрерменге жететін кинотуынды 
B) «Ән жұлдызы» атты кітаптың шығуы 
C) Ұлттық академиялық кітапханада өткен таныстырылым 
D) Ұлттық академиялық кітапхананың ашылуы 
E) Әміре туралы фильмнің түсірілуі 
2. Тірек сөз бола алмайтын нұсқа 
A) ЭКСПО-2017 C) ЭКСПО-1925 E) Париж 
B) Астана D) Алматы
2-мәтін 
Домалақ ананың қадір-қасиеті ертеден-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме көп. 
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жанын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан 
мың жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан «жау 
шапты» деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған 
алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрила (Домалақ ана): «Бай-еке, малдың құты, жылқының 
иесі - құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі 
ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз», - деп, өз отауының 
белдеуінде байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды керсетіпті. Бірақ жауға кектенген 
батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, 
қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік 
бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. 
Арада алты күн өткенде, байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінепті. Сол күні 
кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. 
Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел 
қайтарып алса керек. 
3. Мәтіндегі Бәйдібек байдың әрекетін ашатын мақал-мәтел 
A) Жауды аяған жаралы. 
B) Қорқақты көп қусаң, батыр болады. 
C) Алысқан жауға арқаңды көрсетпе. 
D) Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар. 
E) Асығыс түбі - қып-қызыл шоқ. 
4. Домалақ ананың: «Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға 
келеді»- деуінің мәні 
A) Малдың құты құла айғыр үйде қалған, ал жылқы құла айғырдың дауысын естіп кері қайтарын білді. 
B) Құла айғырсыз жылқылар басқа үйірге қосылмай, тойынған соң оралатынын білді. 
C) Құла айғырдың үйірінің ауылда құлындары қалғанына қарап осылай айтты. 
D) Жылқының барлығы айдауға көнбейтін жүген-құрық тимеген асау болғандықтан. 
E) Жылқылар жат жерді құла айғырсыз жерсінбейді деп жорамалдады. 
5. Мәтіннің басты идеясы 
A) Бәйдібек байдың сабырсыздығын сынау 


87474320427 
5
B) Құла айғырдың құдіретін көрсету 
C) Домалақ ананың көріпкелдігін таныту 
D) Қазақ жігіттерінің ерлігін дәріптеу 
E) Жаугершілік заман қиындығын көрсету 
6. Белдеуде байлаулы тұрған шу асау айғырдың айдауда кеткен жылқыларға қатысы 
A) Жылқының жорғасы D) Жылқы ішіндегі ең кәрісі 
B) Жылқының ең асауы E) Жылқы ішіндегі ең жүйрігі 
C) Жылқының құты, иесі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет