Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау



Pdf көрінісі
бет51/187
Дата10.04.2024
өлшемі2,72 Mb.
#200704
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   187
Байланысты:
null repaired (2)

1075-нұсқа 
1 - мәтін 
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы 
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке тоқталайық. Киіз 
үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болады 
да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері пайдалануына, сән- салтанатына қарай 
бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), 
ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 
қанат) деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, 
жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым 
үй, ас үй, қалқа деп аталады. 
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас 
келіндер бұл жерді баса бермейді. 
2. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік, 
ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды. 
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім 
ілінеді. 
4. От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. 
1. Киіз үйдегі киелі орын 
A) Ер тұрман, киім ілінетін орын 
B) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын C) 
Қонақтар орналасатын орын 
D) От жағылып, қазан асылатын орын E) 
Үй иесінің жататын орны 
2. Ең үлкен киіз үй 
A) Ақ шаңқан B) Ақ орда C) Алтын орда D) 
Алтын үздік 
E) Ақ ала орда
2 - мәтін 
Ұрпақ заманынан озбаса... 
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап беретін. Бірде 
ол әкесінен: 

Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтарының басқан ізі асып 
түседі? - деп сүрады. Әкесі: 

Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратыи 
қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек, сенен де бір ақылды 
адам шығар. Ол тағы; Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі, - деді. 
Бала: 

Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге?- деп сұрады әкесінен. Әкесі: 
-Иә, балам. Мәселен, құлақ туа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда болмайды. Кейін, үлкейе 
келе, біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда 
мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз шыға 
бастады. Келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып өседі. Сен ақылдысың. Демек, 
Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің 
туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең, сенің 
менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен 
озғаныңды қалаймын, - деді әкесі. 
3. Баланың әкесіне қатысты сипаттама 
A) Сабырлы 
B) Көңілді 
C) Адал 
D) Сымбатгы 
E) Еңбекқор 
4. Әкесі неге риза болды? 
A) Жақсы мысал табылғанына B) Баласының аттың сырын білетіндігіне 
C) Баласына орынды ақыл айтқанына D) 
Баласының білімпаздығына 
E) Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына 
5. Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды 
қалаймын» деген сөзінің мағынасы 


87474320427 
57
A) Қатарынан қалмай өссін дегені
B) Ақылы жасына сай болсын дегені. 
C) Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені. 
D) Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені. 
E) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені.
6. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал 
A) Шешінген судан тайынбас. B) 
Жақсы бала - әкеге құт. 
C) Тілі тәтті - көңілі қатты. D) Күш атасын танымас. 
E) Талайлымен таласпа.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет