2-мәтін Ғылым артық па, әлде мал артық па? Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он түрлі
жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге:
-
Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты.
Сол мезетте шешен:
-
Біріншіден. ғылым артык. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал - перғауын
мен Қарыпбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсын. Үшіншіден,
ғылымның досы кеп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден, ғылымды жұмсасан, арта береді, малды
жұмсасан, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал саран деген атак береді.
Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, кағу керек. Жетіншіден, ғылым қиямет
күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым
тозбайды, жоғалмайды Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, жогалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді
нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болган үстіне бола берсе екен деп
дұниеқоңыз етеді. Оныншыдан, ғылым құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз иесінің
көңіліне тәкаппарлық салады, — деп тапқырлық танытыпты.
3. Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған?
A) Төртінші
B) Бесінші
C) Үшінші
Д) Жетінші
Е) Алтыншы
4. Ғылымның дүниеден артықшылығы
A) Досың санаулы ғана болады.
B) Адамды масаттандырады.
C) Мінезін нашар жаққа өзгертеді.
D) Адамның тынышын алады.
Е) Адамға ақыл-ой қосады.
5. Мәтін мазмұнына сай мақал
A) Мал көтерер елімді,
Дос көтерер көңілді
B) Атана не қылсаң,
Алдыңа сол келер
C) Мың малың болғанша,
Бір балаң ғалым болсын.
Е) Киім кірі жуса кетеді,
Көңіл кірі айтса кетеді.
Е) Аңқау бері қой үркітеді
Ақылсыз адам ел үркітеді
6. Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл
A)
Жобалап айту
B)
Жырлап айту
C)
Суреттеп айту
D) Баяндап айту
Е) Салыстыра айту