87474320427
69
Болгарияда сағат тілі түнгі 12-ні соққанда барлық уйде жарық сөне бастайды. Дастарқанға міндетті
түрде самса қойылады екен.
Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгерлер құстардың барлығын
«Бақыт құсының» туыстары деп есептейді екен. Италияндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында
ешкіммен ренжіспеуге және ешкімнен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы
түнінде үйлерінен сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып тастайды екен.
Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескінің
символы ретінде далада отқа өртеп жібереді. Францняда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға
тырысады екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай. кетерінде
сыйлықтар береді екен.
Үндістанда Жаңа жыл - Дивали «жарық пен оттар мерекесі» деп аталады екен, Айтса айтқандай,
осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді.
Жарығы сөніп тұрған бірде-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып, жерге
түрлі
оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырактар жағып. керкемдейтін көрінеді.
Голландияда Жаңа жыл кешіндегі дастарқанға жүзім салып пісірген нан тағамы қойылады. Бұл
тағам жылына бір-ақ рет дайындалатын көрінеді.
Бирмада Жаңа жылда күн ыстық болып тұратындықтан, адамдар бір- бірінің үстеріне су шашып
құттықтайды екен. Сондықтан осы күні үсті- басы су болған адамдарды жиі ұшыратуға болады.
Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығады екен. Жұрт осы пілдерді айнала билеп, ән салатын керінеді.
Кубада сағат түнгі 12-ні соққан кезде 12 түйір жүзім жейді екен.
Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тарелкалар соғылып, отшашулар атылып,
жана жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға нарцисс гүлін қою
дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айының
басына келеді.
Ұлыбритания алғаш ашықхаттарды (открытка) шығарган ел болып есептеледі. Сондықган да Жана
жылда осы елдін әр отбасы таныстарын ашық хат арқылы құттыктағанды ұнатады.
Қазақстанда жыл басы - Наурыз мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл казіргі күн есебі бойынша
наурыздын 22-ші жұлдызына сэйкес келеді. Бұл күні адамдар көтеріңкі көніл күйде болып, бір-біріне
жылы сөз,
жаксы тілек айтады,ешкімді ренжітпеуге тырысады. Барлық үйде мерекелік дастарқан
жайылады. Бұл күні күн мен түн теңеседі.
7. Үндістанда Жаңа жылдың «Дивали»деп аталуының себебі
A) Қалалар мен ауылдардың оттың ішінде тұрғандай жарқырағандығынан
B) Сағат он екіде көшеге шыққандықтан
C) Салынған суреттерге ұн,
топырақ сепкендіктен
Д) Жұрт пілдерді айнала билеп, ән салғандықтан
Е) Әиел адамдар көшеге шығып, жерге түрлі
оюлы суреттер салғандықтан
8. Бұл күні Францияда мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай, кетерінде
сыйлықтар беруінің себебі
A) Адалдығын көрсету үшін
B) Қолы ашық екенін көрсету үшін
C) Ырымдарға сенгендіктен
D) Ұстамдылығын байқату үшін
Е) Достық, туыстық қарым-қатынасты нығайту
үшін
9. Жаңа жыл дастарқанына құс етін қоймайтын ел
A)
Франция
B) Италня
C) Венгрия
Д) Болғария
Е) Эквадор
10. Жаңа жылдық мерекені ұзақ тойлайтын мемлекет
A)
Ресей
B) Үндістан
C) Голландия
Д) Қазақсан
Е) Қытай
11. Мерекелерде ашық хаттармен құттықтау бізге қай елден келген?
A) Ресейден
B) Голландиядан
C) Ұлыбританивдан
Д) Қытайдан
Е) Үндістаннан
12. Жаңа жыл тойлаудағы салт-дәстүрінде ұқсастық
бар елдер
A) Венгрия - Эквадор
B) Голландия - Куба
C) Үндістан - Куба
Д) Қытай - Ұлыбритания
Е) Гвинея - Эквадор
Достарыңызбен бөлісу: