219
күшті дейді. Ол тағы былай дейді: «Осы европейцтердің өздерін
Азия халқынша ұстайтынына таң қаласын. Олардың өздерінің
қол астындағы халықтарының тұрмысы мен мәдениеті мен түк
ісі жоқ. Мен жергілікті халықтың тілін білетін, бай мәдениетіне
қызығатын не бір орыс чиновнигін, не бір офицерді көре алмадым.
Бұлар өздерін жеңген халықша ұстайды, бірақ жергілікті халық
та өздерінің зорлығынан басқа бір артықшылығын көрсетпейді»,
– деп жазады.
Ресей патшасы өзінің жеңіп алған халқын талан-таражға са-
лып, аяусыз қырып, қанын төгуші еді.
Қазақ халқының ұлт азаттығы осы жағдайда өсті. Ресей
патшасының адамгершілікке жатпайтын қысымынан құтылу үшін
қазақ халқы қайдан жәрдем алмақшы еді? Қазақ халқын патшаның
зорлығынан құтқарып, бұғауынан босататын орыстың революци-
яшыл пролетариаты ғана болды. Оның империалистік буржуазияға
қарсы жасаған күресі қазақ халқын оятып, күреске шақырды.
Орыстың 1905 жылғы революциясы қазақ еңбекшілерінің де
революциялық жігерін туғызды.
Бұл революция орыс патшасының абыройын төкті. Қазақ
халқын 1916 жылғы көтеріліске ұмтылдырды, патшаның зорлы-
ғына шыдауға енді болмай бара жатқан соң, қазақ халқы көтеріліп
патшаға қарсы тұрды.
Бірақ, бұл көтерілісті Ресей патшасы ақырында қарулы күшпен
басты. Қазақ байлары мен байшыл интеллигенттер (алаш ордалар)
өзінің еңбекші қазақ халқына қиянат, қастық істеді. Бұл күрестің
тәжірибесі қазақ халқының азаттық жолындағы бірлігін күшейтіп,
орыс пролетариаты мен қазақ еңбекшілерінің ынтымағын қосты.
Советті Социалистік Қазақстан Республикасы, міне енді,
одақтас республика болып отыр. Сталиндік ұлы Конституция
қазақ халқының өміріне социализмнің жаңа дәуірін кіргізеді.
Лениншіл жас. 1936 ж. 12 желтоқсан.
Достарыңызбен бөлісу: