149
· Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа енгізу)
· Сөйлесу бөлімі (оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)
· Қорытынды бөлім (бақылау)
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат
санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұнын және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын
ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.
Бұл технология
-
баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:
-
танымдық поцестерін дамытуға
-
жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-
белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:
-
тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,сыйласу,
шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруына ықпал етеді.
Инновациялық технология нәтижелері:
Түрлі әдістерді пайдалану арқылы сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
Олардың әрқайсының деңгейін анықтай алуға мүмкіндік аласыз.
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласыз.
Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен
(жазу, оқу, есептеу) ғана өлшенбейді, оның ең басты критерийі - функционалдық сауаттылық. [2] Сондықтан да сауатты
ұрпақты қалыптастыру қазіргі таңдағы ең басты мәселелердің бірі болғандықтан, бұл проблемаларды шешуде жаңа
технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту,
дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің ең басты мақсаты болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: