Программалар құру -9 дәріс Тізімдер және кортеждер Сұрақтар



Pdf көрінісі
бет13/32
Дата30.04.2024
өлшемі2,52 Mb.
#201575
түріПрограмма
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
8-9- дәріс - Тізімдер мен кортеждерМ

12.5 remove() әдісі

remove() әдісі тізімдегі мәнді өшіреді. Әдіске аргумент ретінде мән беріледі, 
осы мәнге тең алғашқы элемент өшіріледі. Тізім элементтерінің саны бірге 
азаяды. Барлық элементтер солға бір орынға ығысады. Егер керекті элемент 
тізімнен табылмаса, ValueError аластамасы шығады. Осы әдіске мысал. 
# программа тізімнен мәнді өшіретін remove() әдісі жұмысын көрсетеді. 
def main () :
food = ['Пицца', 'Бургеры', 'Чипсы'] # Бірнеше мәні бар тізім құру. 
print('Бастапқы тағамдар тізімдерінің мәндері:') # Тізімді көрсету. 
print(food) 
item = input('Қай мән өшіріледі? ') # Өшірілетін мәнді алу. 
try: 
food.remove(item) 
# мәнді өшіру. 
print ('Өңделген тізім элементтері:') # Тізімді көрсету. 
print(food) 
except ValueError: 
print('Бұл мән тізімнен табылмады.') 
main () # Басты функцияны шақыру. 
Бастапқы тағамдар тізімдерінің мәндері:
['Шелпек', 'Бауырсақ', 'Самса']
Қай мән өшіріледі? Бауырсақ
Өңделген тізім элементтері:
['Шелпек', 'Самса']


12.6 reverse() әдісі 

reverse () әдісі тізімдегі мәндерді кері бағытта орналастырады. Мысал: 
my_list = [1, 2, 3, 4, 5] 
print ('Бастапқы тізім:', my_list) 
my_list.reverse() 
print ('Кері бағытта жазылған тізім:', my_list) 

Бұл код фрагментінің нәтижесі: 
Бастапқы тізім: [1, 2, 3, 4, 5] 
Кері бағытта жазылған тізім: [5, 4, 3, 2, 1] 
Бастапқы тізім: [1, 2, 3, 4, 5]
Кері бағытта жазылған тізім: [5, 4, 3, 2, 1]


12.7 del() әдісі

Алдыңғы қарастырылған 
remove(
) әдісі тізім ішінде бар мәнді 
өшіреді, кейбір кезде көрсетілген индекстегі элементті оның 
мәнінен тәуелсіз түрде, яғни сол орындағы мән өшіріледі. Бұл 
del() 
әдісі арқылы орындалады. Енді осыған мысал келтірейік: 
my_list = [1, 2, 3, 4, 5] 
print ('Өшіру алдында: ', my_list) 
del my_list[2] 
print ('Өшірілген соң: ', my_list) 

Бұл код фрагменті экранға мынадай нәтиже шығарады: 
Өшіру алдында: [1, 2, 3, 4, 5]
Өшірілген соң: [1, 2, 4, 5]
Өшіру алдында: [1, 2, 3, 4, 5]
Өшірілген соң: [1, 2, 4, 5]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет