Программалар құру -9 дәріс Тізімдер және кортеждер Сұрақтар



Pdf көрінісі
бет16/32
Дата30.04.2024
өлшемі2,52 Mb.
#201575
түріПрограмма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
8-9- дәріс - Тізімдер мен кортеждерМ

есептеулерде қолдану

Тізімдермен бірсыпыра танысқанннан кейін оларды математикалық 
есептеулерде қолдану мысалдарын қарастырайық.

Шағын кафеде 6 адам – бармендер мен даяшылар жұмыс істейді. 
Олардың әрбір сағатына берілетін төлем шамалары бірдей. 
Осылардың істеген сағаттарына қарай жалақысын есептейтін 
программа құралық.

Программаға әрбір адамның жұмыс істеген сағаттарының саны 
енгізіледі, сонан кейін барлық жұмыскерлер жалақыларының 
сомасы есептеледі.

Сонымен программаға: 
1) әрбір адамның жұмыс істеген сағаттары енгізіледі де, олар тізім 
элементтері түрінде сақталады; 
2) Әрбір тізім элементін пайдаланып, жұмыскерлердің жалпы 
жалақы мөлшерін (сомасын) есептеу қажет. 


Тізім элементтерін есептеулерде қолдану
# Әрбір адамның жалақысын есептеу. 
# NUМ_EMPLOYEES тізім эл-нттері саны
NUМ_EMPLOYEES = 6 # константа 
def main () : 
# Сағаттар санын сақтайтын тізім құру. 
hours = [0] * NUМ_EMPLOYEES 
# Әрбір адамның істеген сағаттарын алу. 
for index in range(NUМ_EMPLOYEES): 
рrint(index + 1-, адам сағаттары саны: ' , 
sep=' ' , end= ' ' ) 
hours[index] = float(input())
# Бір сағаттық жалақы мөлшерін енгізу. 
pay_rate = float(input('Бір сағаттық төлем 
мөлшерін енгізіңіз: ')) 
# Әрбір адам жалақысын көрсету. 
for index in range(NUМ_EMPLOYEES): 
gross_pay = hours[index] * pay_rate 
print (index+1,'-жұмыскер жалақысы ', ' 
: $' ,format (gross_pay, '.2f'), sep=' ') 
main () # Басты функцияны шақыру. 
Программа нәтижесі

1-адам сағаттары саны: 10
2-адам сағаттары саны: 20
3-адам сағаттары саны: 15
4-адам сағаттары саны: 40
5-адам сағаттары саны: 20
6-адам сағаттары саны: 18
Бір сағаттық төлем мөлшері енгізіңіз: 12.75
1 -жұмыскер жалақысы : $ 127.50
2 -жұмыскер жалақысы : $ 255.00
3 -жұмыскер жалақысы : $ 191.25
4 -жұмыскер жалақысы : $ 510.00
5 -жұмыскер жалақысы : $ 255.00
6 -жұмыскер жалақысы : $ 229.50


Тізім элементтерін есептеулерде қолдану

Жоғарыдағы мысалда кафе үлкейіп, олар жұмысқа тағы екі адам 
алғысы келсе, NUМ_EMPLOYEES тұрақтысының мәнін өзгертіп, 8 
етіп жазады. 

Тізім көлемі үшін константа қолданылғандықтан, сіз тек осы 
тұрақты мәнін өзгерте саласыз: 
NUМ_EMPLOYEES = 8 

Ары қарай тізім құру, сағаттар санын енгізу, цикл қадамдарын 
ұйымдастыруда осы константа мәніне сәйкес өзгеріске ұшырайды 
да, барлығы да 8 адам үшін есептелетін болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет