Нәтижелер және талқылау.
STEM-білім беру жағдайында бастауыш
сынып оқушыларының метапәндік біліктері пәнаралық, танымдық, зерттеушілік
және т.б. әрекеттері арқылы жүзеге асады. Атап айтсақ: логикалық әрекеттер;
зерттеушілік; ақпаратты талдау және өңдеу жұмысы; байланыс жасау.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының метапәндік білігі әмбебап оқу-
әрекеттері арқылы жүзеге асады. Атап айтсақ: танымдық, коммуникативті,
реттеуші, тұлғалық әмбебап оқу әрекеттері [12].
Осы тұста «STEM-білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларының
метапәндік біліктерін қалыптастырудың мүмкіндіктері» қандай деген сұрақтың
қойылуы заңды. Осы сұрақтың жауабын анықтау мақсатында бастауыш
сыныптың «Жаратылыстану», «Математика», «Цифрлық сауаттылық» атты
оқулықтарына талдау жүргізудің нәтижесінде STEM-білім беру жағдайында
бастауыш сынып оқушыларының метапәндік біліктерін қалыптастыру үшін
бірнеше мүмкіндіктерді анықтадық:
Бірінші мүмкіндік
- оқу процесін жоспарлауда метапәндік біліктерді
қалыптастыруға бағытталған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастыруды және енгізуді
қамтиды.
Екінші мүмкіндік
- STEM білім беру жағдайында оқыту арқылы бастауыш
сынып оқушыларының бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен
байланыстыру арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Ғылыми-жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық пәндерді кіріктіре
оқытудың нәтижесінде оқушыларда әлемнің тұтас бейнесі қалыптасады. Мұндай
сабақтар нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр
сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, ақпараттық
мүмкіндігімен ерекшеленіп, оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыруға
бағытталады.
Үшінші мүмкіндік
- логикалық әрекеттер-объектілердің маңызды
белгілерін анықтау; фактілердегі, деректердегі заңдылықтарды талдау; ұқсастық
бойынша тұжырымдарды қолдана отырып қорытынды жасау, жоспар бойынша
эксперимент жасау; зерттеу барысында алынған ақпараттың жарамдылығы мен
дұрыстылығын бағалау; зерттеу нәтижелері бойынша өз бетінше қорытынды
жасау, әр түрлі ақпарат көздерінен ұқсас дәлелдерді табу; ақпаратты қарапайым
схема, диаграмма, графика арқылы суреттеу және т.б. метапәндік біліктерді
дамытуға көмектесетін арнайы әдіс-тәсілдерді қолдануға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |