Тіл дыбыстарының экспрессивтік стилистикалық сипаты: фоностилистика және дыбыстық символизм



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата09.05.2024
өлшемі414,48 Kb.
#201896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
404-Текст статьи-2090-1-10-20220928

 сөз басында 
А-ана, Ә- әлем, Ө-өлең, Ұ-ұя, Ү-үй
О-орман, Ы-ыдыс, І-іс, 
сөз ортасында
А-қала, Ә-тәлім, О-қора, Ө-
шөбере, Ұ-құлын, Ү-күй, Ы-ырым, І-келін 
сөз соңында
А-қара, Ә-сірә, О- 
қол, Ө-бөл, Ұ-құс, Ү-күл, Ы-осы, І-іні
 
т.б дыбыстардың орналасуы 
арқылы мәтін түзілім процесінде белгілі бір дыбыстар, буындар 
қайталанып келіп, ырғақ құрап, тұтас мәтін мазмұнын жасауға қатысады, 


тіпті жиі қайталану арқылы белгілі бір ақпараттың сигналына айналып, 
символдық мәнге, қосымша қызметке ие болады. Бұл жерде дыбыс 
әдеттегі мағына ажыратушылық қызметінен тыс, қосымша ақпаратты 
жеткізуге катысады.
М.П. Брандес осыған байланысты көркем шығарма авторларының да 
дүниені қабылдау, көркем бейне жасау даралығын анықтауға 
болатындығын дәлелдейді. Оның ойынша, шығарма авторларының «иіс 
сезгіш», «байқағыш», «естігіш» т.б. болу қасиет сапаларының басым 
болуына қарай колтаңбасы айықталады.
Ж.А.Исаева, В.В. Левицкийдің ерекшеленетін 28 түрлі тілдегі 
дыбыстар мен ұғымдар арасындағы байланысты байқау үшін жасаған 
эксперимент нәтижелерін орынды келтіреді. В.В.Левицкий сөздіктегі 
«кіші» және «үлкен» мағынасын беретін сөздерді іріктеп алып, топтың 
дауыстылары мен дауыссыздары құрамының және фонемалардың 
дифференциалды белгілері құрамының ерекшеліктерін қарастырып, 
«кіші» ұғымын әдетте «тіл алды» мен «тіл арты» дауысты дыбыстары мен 
қатаң, аффрикат, сонор дыбыстары беретінін анықтады. Мысалы, 
«Үлкен» ұғымымен жуан дауыстылар мен ұяңдар, діріл дауыссыздары 
символданып, [i], [n]., [ts]. – «кіші», [a]., [0]., [r],, [d], «үлкен» ұғымын 
береді [8, 48 б.]. 
 
Қорытынды 
Қазақ тіліндегі дыбыстардың түрлі-түстік ассоциациялану сипатын 
цветофоносемантикалық, психолингвистикалық, 
эксперименталдық 
қырларынан сараптауды, арнайы және жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Профессор К.Ш. Хұсайыновтың пікірінше, тілдегі осындай 
құбылысты дыбыстық символизммен бірлікте және индивидтің ойлау 
жүйесінде жүріп жататын психофизиологиялық процестер арқылы 
түсіндіруге болады [13, 96 б.].
Сөз мағынасымен метонимиялық ассоциациялануына негізделген 
символизацияның бір түрі – дыбыстық символизм. Ұқсас және 
қайталанатын дыбыстар, екпін түскен буынның алдында тұратын 
дауыссыздар, 
екпін 
түсетін 
дауыстылар 
дыбыстардың 
ассоциациялануына тікелей қатысады. 
Дыбыстық ассоциацияланудың анықталуы күрделі жүзеге 
асатындықтан, келесідей жүйелеуге болады: 
1. Ұғымдардың өзара синонимдік қатынаста болу қажеттілігі.
2. Ұғымдардың арасында тек пен түр байланысының болуы. 
3. Метонимиялық ассоцияцианың қосарлануы.
4. Графикалық метафора, яғни жазылу формасы мен бейнелейтін 
ұғым арасындағы форма сабақтастығы.
5.Түр-түстік символдың ұштасуы.
Көркем мәтінге негізінен дыбыстық символизм тән. Себебі көркем 
мәтін тілдің сапалы ұйымдасқан «ең жоғары формасы көркем мәтінде сөз 
мағынасының тереңдігі, ырғақ, дыбыстардың әуенділігі өте маңызды» 


[9,123б.]. Кісі, ел, ру аттарындағы дыбыстық символизмнің 
ассоциациялануы арқылы оның тағдырын, мінезін анықтауға болатыны 
мәлім. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет