Тіл дыбыстарының экспрессивтік стилистикалық сипаты: фоностилистика және дыбыстық символизм



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата09.05.2024
өлшемі414,48 Kb.
#201896
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
404-Текст статьи-2090-1-10-20220928



ӘОЖ 81.34 
ХҒТАР 16.21.37 
DOI10.48371/PHILS.2022.66.3.008 
 
ТІЛ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ЭКСПРЕССИВТІК СТИЛИСТИКАЛЫҚ 
СИПАТЫ: ФОНОСТИЛИСТИКА ЖӘНЕ ДЫБЫСТЫҚ 
СИМВОЛИЗМ
*Қоянбекова С.Б.,
1
Зиядаұлы Б.²
1
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, филология ғылымының докторы, 
қауымдастырылған профессор, Алматы, Қазақстан, 
2
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ,
филология ғылымының кандидаты, доцент, 
Алматы, Қазақстан, 
*1
е-mail: 
sarakoyanbekova@gmail.com

2
е-mail: 
batenke89@mail.ru 
 
Аңдатпа.
Мақаланың мақсаты мен міндеті адам эмоциясын жеткізудегі тілдің 
экспрессивтік қызметінің негізін құрайтын фонетикалық бірліктердің күрделі 
жүйелелерін анықтау, дыбыстық таңбаның ментальді, психикалық, физиологиялық, 
лингвистикалық әлеуметтік, эстетикалық қырларын анықтау болып табылады. Қазақ 
тілі экспрессивтік стилистикасының негізін құрайтын, ұлттық тілдің фонологиялық 
және сөздік қор жүйесінің экспрессивтік стилистикалық жүйесі, сипаты, табиғаты 
бірқатар тілдік фактілермен қарастырылды. Тілдік бірліктер таңба, дыбыс, фонема, 
адамның санасында транформациялану моносилабтық дыбыстық құрылымы, 
дыбыстардың фонологиясы, дыбыс сәйкестегі, дыбыстардың алмасуы және т.б. 
фонетикалық құбылыстар мен заңдылықтар жүйелі талданды. Тіл дыбыстарының 
ұлттық танымдық қырлары зерделеніп, озық парадигмаларды анықтау арқылы 
экспрессивтік стилистикалық сөз мәдениетіне әсері зерттелді.
Мақаланың ғылыми маңыздылығында ұлт болмысындағы мазмұны кең, терең 
ұғым тіл дыбыстарының экспрессивтік стилистикалық қызметі лингвистикалық
лингвостиликалық ғылымның зерттеу аясындағы ауқымдылығын танытып, 
зерттеудің өзектілігін анықтады. Қазақ тіліндегі фоностилика және дыбыстық 
символизм экспрессивтік стилистикалық жүйе ретінде алғаш рет кешенді түрде 
зерттеліп, ғылыми тұрғыдан шешімін тауып, қазіргі қазақ тілінің деректері бойынша 
тұжырымдар жасалынды. Олардың қазақ тіліндегі сипаты, дыбыстың экспрессивтік 
стилистикалық қызметі жүйеленді. Ономофонеманың тілдік жүйедегі номинативтік 
қызметіне және оның сөйлеуде синтагмофонемаға, морфонемаға трансформациялану 
ерекшелігіне талдау жасалды.
Ғылыми практикалық маңыздылығында тілдің эстетикалық табиғаты 
экспрессивтік қызметімен тығыз байланыстағы ғалымдардың зерттелген теориялық 
еңбектеріндегі пайымдаулары дамытылып, қазақ тіліндегі дыбыстардың ұлттық 
мәдени қырларымен сабақтастықта ұштастырылып, өзіндік тұжырымдар берілді. 
Қазақ тілінің дыбыстық парадигмасының қалыптасуы мен дамуы жан-жақты 
талданып, ұлттың рухани-мәдени болмысының тіл дыбыстары арқылы таныту 
өзектілігі практикалық тұрғыдан анықталды. Фоностилистикадағы дыбыстың 
экспрессивтік стилистикалық мағынасы дыбыстардың ассоциялануына негізделуі
дыбыстық символға айналуы айқындалды.
Фонетикалық құралдардың әлеуметтік-лингвистикалық, психолингвистикалық 
және прагмалингвистикалық аспектілерінде сөздің әртүрлі формаларды қолдану 
заңдылықтары, 
жұмсалу 
мүмкіндіктерімен 
сабақтастырылды. 
Тіліміздегі 


экспрессивтіліктің айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылымдағы салыстырмалы 
қырлары экспрессивтік стилистикалық мағынаның пайда болу, қалыптасу, 
жүйеленуін айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет