кейбір ішкі мәселелері туралы айтылғанмен, фонетиканың ғылыми
мәртебе алуы Ш.Баллидің зерттеулерімен байланысты. Зерттеуші
фонетикалық
құралдардың стильдік қызметі, сөйлеудегі интонацияның
эмоцияны жеткізудегі қызметіне назар аударды [2, 116 б.]. Ш.Балли
сөйлеудегі интонацияның әсерін, қатысын, сол арқылы жасалатын тілдің
эмоционалды қызметі, тіл арқылы көрінетін сөйлеушінің эмоционалды-
экспрессивтік көңіл- күйі туралы құнды пікірлер айтты [2, 117б. ].
Осылайша, ол тілдің қоғамдық құбылыс болуымен қатар, оның
субъективтік қырларына да баса назар аударды.
Фоностилистика мәселелері Н.С.Трубецкой зерттеуінің де негізгі
тақырыптарының бірі болып табылады. Н.С.Трубецкой сөйлеушінің
жасы, жынысы, әлеуметтік және қоршаған ортасы,
эмоционалдық
жағдайы, интонациясы т.б. экстралингвистикалық факторлардың
әсерінен пайда болған дыбыстық модификацияларды қарастыра отырып,
оларды экспрессивті және аппеллятивті құралдар қатарына жатқызады.
Осының алғашқысы сөйлеушіге қатысты болса, соңғысы тыңдаушының
эмоциясын тудырады деген пікір айтады. H.С.Трубецкой зерттеулерінде
дыбысқа қатысты қарастырылып, қандай да бір дыбыстың айтылуы
сөйлеуші жөнінен хабар беріп, тыңдаушыда белгілі бір сезімдер
тудыратытынын, сөйтіп дыбыс қандай да
бір мағынаны ажырататын
қызметке ие болатынын сөз етеді. Дыбысқа берілген бұл сипаттама
фонетиканың стилистикалық қырларын нақты бейнелеп тұрғанын көруге
болады және ол тіл дыбыстарын зерттеуде өте маңызды болып табылады
[3, 191 б.].
H.С.Трубецкойдың бұл тұжырымдарына XХ ғасырдың 20
жылдарынан бері дами бастаған фонема теориясына қатысты көзқарастар
негіз болып, фонеманың функционалдық-стилистикалық сипаты мен
сапаларын зерттеуге бастама болды. Осылайша тіл дыбыстарының
лингвистикалық
аспектідегі
фонетикалық
қыры
емес,
оның
фонологиялық
аспектідегі
функционалдық
қырын
зерттеудің
маңыздылығы айқындалды. Фоностилистикаға қатысты зерттеулердің
дамуына осы тұжырымдар негіз болды.
Зерттеуші Ж.А. Исаева фоностилистиканың
тарихи бастауын
анықтауға байланысты пікірлердің әр алуан екенін айта келіп, бұл
мәселенің күрделі тұстарын көрсетеді. Зерттеушінің фоностилистиканың
қалыптасу тарихына қатысты келтірген пікірлерін былайша топтастырып
көрсетуге болады:
- И.Фонадьтың көрсетуі бойынша, фоностилистиканың бастауы Ю.
Фон Лазициуштің есімімен байланысты;
- Ф.Картонның пікірінше, М.Граммонның есімімен байланысты;
- П.Леонның пікірінше, Н.С.Трубецкойдың есімімен байланысты;
- К.Ван Ден Бергтің ойынша, Платонның есімімен байланысты [4,
81б.].
Жалпы тіл біліміндегі дыбыстың стилистикалық қызметінің арнайы
зерттеле бастауын біз Н.С.Трубецкой мен Ш.Балли есімдерімен
байланысты қарастырамыз.
Фонетикалық
құралдардың
қарым-қатынастың
әлеуметтік-
лингвистикалық, психолингвистикалық және прагмалингвистикалық
аспектілерінде сөздің түрлі типі мен формаларында қолданылу
заңдылықтарына сәйкес жұмсалу мүмкіндіктерін анықтауда кең көлемді
зерттеулер бар.
Л.В.Щерба, Г.О.Винокур, В.В.Виноградов, Л.П.Якубинский,
М.В.Панов, К.К.Барышникова, Л.П.Блохина, Р.К.Потапова, Л.А.Кантер,
Д.Х.Баранник, роман-герман тілдерінің фоностилистикасын қарастырған
Н.И.Портнова,
С.М.Гайдучик,
А.С.Селях,
E.Нұрахметов
т.б.
зерттеушілердің есімімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: