Тіл дыбыстарының экспрессивтік стилистикалық сипаты: фоностилистика және дыбыстық символизм



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата09.05.2024
өлшемі414,48 Kb.
#201896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
404-Текст статьи-2090-1-10-20220928

тентектік, ылғи Тобықтыдан шығады дерсің... Рас, 
тентек болса, Тобықтының тентегі иесіз демеймін. 
Сондай-ақ, 
фонемалардың бірнеше рет қайталанып келу жиілігі екі түрлі болуы 
мүмкін. Мысалы, 
Мен оны қазбаймын; даудың қарасын көбейтемін деп 
құлындағы сақау, құнандағы тісеуді осы сөздің үстіне әкеліп үйгенің 
лайықсыз. 
Орыс тіліндегі ғалымдардың еңбектерінде осы мәселені 
талдауда дыбыстың символдық қасиетіне назар аударылған.
Метонимиялық байланыстарды анықтау нысанындағы зерттеу 
әдістемесі сөйлеушінің санасындағы белгілі бір дыбысты зерделеуді 
мақсат етеді. Белгілі бір дыбыстың сөз ішінде, сөз тіркестерінде 
қайталануы мен метонимиялық байланысқа ие болуы арқылы дыбыстың 
символдық қызметін көрсетеді. 
Қазақ тіл біліміндегі дыбыстық қайталауларды зерттеу мәселесі 
стилистикада аллитерация және ассонанс жасау ерекшелігін талдаудан 
байқалғанымен, олардың фоносемантикалык мағынасы және осымен 
байланыста қарастырылатын экспрессивтік мағына жасау қызметі арнайы 
зерттеуді қажет ететін күрделі проблема. Белгілі ғалым Р.Сыздық қазақ 
тілі ғылымында мәтіннің фонетикалық құрылымының зерттелуі тереңнен 
қарастырылмаған, бұл жөнінде ішінара З.Ахметовтың «Казахское 
стихосложение» (1964) және «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» 
(1971) деген монографиялық еңбектерде сөз болғанын айтады. Оның 
ішінара зерттелу себебін ғалым: «текстің әуезділігі немесе дыбыстық 
эффект тек қатар келген сөздердің басқы дыбыстары, я болмаса өлең 
жолдарының бірінші сөзі біркелкі дауысты дыбыстан басталып, ассонанс, 
біркелкі дауыссыздан басталып, аллитерация құралуы арқылы ғана пайда 
болмайды. Өлең жолдарында не бір бір жолдың ішінде түбірлес сөздердің 
қатар келуі де өлең үнінің әсерін ерекше етеді» деп көрсетеді [14,57 б.]. 
Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет