Жоспар: Жер геохронологиясы



Дата21.01.2022
өлшемі20,9 Kb.
#112537
Байланысты:
12 лекция эволюция


Дәріс 11

Тақырыбы: «Эволюциялық үрдістердің түрлері мен пайда болу заңдылықтар»

Жоспар:

1. Жер геохронологиясы.

2. Өсімдіктер әлемінің эволюциясы.

Тіршілік формаларының ішіндегі ең көп зерттелген және эволюциялық жолдың тарихи деректері көп жиналған сала болып өсімдіктер әлемі саналады. Өсімдіктер әлемі жанаурлар әлемімен салыстырғанда қарапайым және эволюциялық үрдістің көрінісі жедел жүретін болып табылады. Алғашқы көпклеткалы

өсімдіктер бұдан 1 млрд. жыл бұрын пайда болған. Олардың көбі суда тіршілік еткен.

Өсімдіктердің дамуындағы аса маңызды кезең болып олардың құрылықты меңгеруі саналады. Өсімдіктер құрылыққа силур дәуірінің ақырында шықты. Олар псилофиттер болды. Олардың құрылыққа шығуына байланысты гаплоидтық фазасы қысқарып, диплоидты фазасы ұзара бастады. Құрылықтағы өсімдіктер түрлері карбон кезеңінде біршама көбейді. Жалаңаш тұқымды өсімдіктер пермь дәуірінде гүлденіп, мезазой эрасында басқа түрлерге қарағанда басымдық танытты. Пермнің ортасында ауа райы құрғақшылық бола бастады. Сөйтіп, көптеген өсімдік түрлері жойылып кетті.

Бор кезеңінде өсімдік эволюциясында болған үлкен жаңалық - гүлді өсімдіктердің пайда болуы. Өсімдік эволюциясының ерекшеліктерінен диплоидты ұрықтардың гаплоидты ұрықтардан басым бола бастауын атап айтуға болады. Көптеген балдырлардың зиготадан басқа клеткаларының барлығы гаплоидты. Жалаңаш тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың гаметофиттері толық жойылған. Тіршілік циклында диплоидты фаза айтарлықтай ұзарған. Өсімдіктер бұрын тек суда ғана көбейетін болса, енді құрылықта тәуелсіз, жынысты көбеюге көшкен. Сапрофиттер күшті дамыған, сыртқы ұрықтанудан ішкі ұрықтануға көшкен, қосарланып ұрықтану пайда болған, тұқымда қоректік зат молайған. Құрылықта орнықты, отырықшы тіршілікке байланысты тамыр, сабақ, жапырақ пайда болған. Түтікше өткізгіш жүйе, тірек-қорғаныс ткандары пайда болған. Көбею органдары жетіле түскен. Гүлді өсімдіктерде насеком арқылы айқас тозандану қалыптасқан. Өсімдік эмбрионында қолайсыз жағдайдан қоргайтын тұқым қапшығы дамыған. Тұқымдары эртүрлі физикалық, биотикалық эдістермен таралатын болған.

Сонымен, өсімдіктер элемінің эволюциясы, біржағынан жердің эволюциялық өзгерістерге ұшырауымен байланысты болса, екінші жағынан, жердің атмосфераының күрт өзгеруіне себеп болды. Жердің климаттық жагдайының өзгеруі

өсімдіктердің жаңа бейімді формаларының пайда болуына себеп болды.

Биосфера барлық тірі ағзалардың жиынтығын біріктіреді. Тірі ағзалардың пішіндері сан алуан. Қазір 1,5 млн. аса түрлер бар. Түрлердің алуан түрлілігі биосфера эволюциясының нәтижесі. В.И. Вернадскийдің айтуынша, Жер бетіндегі түрлену онда тіршілік ететін организмдерге байланысты. Жануарлар тарихында 35 тип пайда болған болса, оның 9-ы жойылып кеткен. Силур кезеңінде жануарлардан трилобиттер пайда болса, хордалылар пайда болғанына 500 млн. жыл да болған жоқ. Негізінен көптеген жануарлар типі палезойдың басында пайда болған. Оның 1/3-і қазір тіршілік етеді.

Жер бетіндегі көне өмір пішіндерінің пайда болуы протезой дәуіріне жатқызылады. Олар көк-жасыл балдырлар, радиоляриялар, фораминеферлер, губкалар, ішекқустылар, құрттар, моллюскілер, буынаяқтылар. Бұлардың барлығы теңіз фаунасының өкілдері (10-сурет).

http://s018.radikal.ru/i513/1509/61/ffe256b0ddbd.jpg

10-сурет. Протезой дәуірінің өкілдері: 1 - көк-жасыл балдырлар; 2, 3 - радиоляриялар; 4 - құрттардың індері.

Археоциаттар (11-сурет) теңіздер мен мұхиттарды мекендеген жәндіктер. Олар қазіргі рифтерге жақын.

http://s43.radikal.ru/i101/1509/7f/7eaddf8151e8.jpg

11-сурет. 1 - археоциаты; 2 - трилобит; 3 - иықаяқтылар

Трилобиттер буынаяқтылардың ең көне формалары. Олар тек палеозойда өмір сүрген. Олардың денесі үш бөлікке бөлінген, бас, кеуде және құйрық. Олар жүзе алған, көбінесе су астында жолғалап жүрген.

Иықаяқтылар өте қарапайымды болған. Олардың жақшақтары қатты жабылмаған. Оларда теңіз түбінде жорғалап өмір сүрген. Олардан басқа, моллюскілер мен медузалардың қалдықтары табылған. Бірақ, олардың түрлері шектеулі ғана болған.

Протозой дәуірінідегі жоғары ұйымдастырылған ағзалардың кездесуі одан бұрынғы кездегі алғашқы даму кезеңінің ұзаққа созылғанын байқатады. Болжам бойынша, бұл уақытқа дейін эволюцияның ең маңызды ірі ароморфоздары болды: 1) жыныстық үрдіс; 2) фотосинтез; 3) көпклеткалы ағзалар.

Өсімдіктердің ағзасы мүшелене бастаған. Әсіресе акселосилоннның сыртынан жапырақтарға ұқсас қабыршақтарды байқауға болады. Жер астылық мүшелер тамыр қызметін атқаруға бейімделе бастайды. Оларда саңырауқұлақтармен симбиоздық қатынас болғаны дәлелденген. Өсімдіктердің тез көбеюіне байланысты, атмосферадағы газ құрамы өзгерді, оттегінің үлесі артты. Псилофиттер 20-30 миллион жылдарға дейін сақталды. Атмосфераның өзгеруі жер бетілік жәндіктердің өміріне қолайлы жағдай тудырды. Бұл кезде ең алдымен панцирлі және слалалы қауырсынды балықтар пайда болды. Олар тыныс алуда өкпе мен желбезектерін пайдаланды (12-сурет).

12-сурет. Девон кезеңінің псилофиттері: 1 - псилофитон;

2 - астероксилон; 3 - риния

http://s45.radikal.ru/i109/1509/41/5b9acf8fc53d.jpg

13-сурет. Қосмекенді және салалы қауырсынды балықтар:

1 - протептурус; 2 - лепидосирен; 4 - латимерия

Бұл балықтар, болашақ құрылықтық жануарлардың ата тегі болып саналады. Олар, әсіресе, келесі мезозой дәуірінде жақсы дамыды. Олардан перм кезеңінің панцирлі амфибиядары дамыды. Палеонтологиялық зерттеулер олардың сүйектерінің құрылысындагы ұқсастықтарды көрсетті (13-сурет).

http://s019.radikal.ru/i620/1509/3d/c48e974fc0c1.jpg

14-сурет. Девон кезеңінің салалы қауырсынды балығы мен перм кезеңінің панцирлі амфибиясының аяқтаның құрылыеындағы ұқсастықтар. 1 - иықтық сүйектердің гомологы;



2 - сәулелісүйектің гомологы: 3 - шынтақтық сүйектің гомологы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет