Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда


ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР



Pdf көрінісі
бет10/14
Дата14.05.2024
өлшемі0,92 Mb.
#202172
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
kktwig-kn-zhne-zhldyzdar

ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР
9
• Күннің тұтылуы бізге Күнді зерттеуге қалай көмектеседі?
Ай жерді айына бір рет айналып отырады және ол дәл күннің алдынан өткен кезде, 
Жерді өз көлеңкесінде қалдыру мүмкін. Жерден ол Күнді Ай жауып тұрғандай 
болып көрінеді.
Күннің тұтылуы астрономдарға Күн тәжісін бақылауға мүмкіндік берді. Әдетте 
Күннің жарықтығы сонша, оның тәжісі тек күннің тұтылуы кезінде ғана көрінеді. 
1919 жылы Артур Эддингтон Күннің тұтылуын зерттеп, Энштейннің салыстырмалы 
теориясын растау үшін Африкаға аттанады. Эддингтон күннің тұтылуы кезінде 
жұлдыздардың орындарын есептеп, Күн олардың алдынан өткен кезде, олардың 
орындары ығысатындығын көрсетті. Салыстырмалы теория бойынша жұлдыздан 
келген жарық күннің гравитациялық өрісі әсерінен сынып, жұлдыздар орындарынан 
қозғалған секілді болып көрінеді . Мұны тек күннің тұтылуы кезінде ғана аңғаруға 
болады, өйткені басқа кезде Күн жарығының әсерінен жұлдыздар көрінбейді.
Соңғы рет күннің толық тұтылуы 1973 жылы болды, ол жеті минуттан астам 
уақытқа созылды. Мах 2 бойымен ұшқан конкорд Айдың астымен ұша отырып,
74 минут бойы есептеулер жүргізуге мүмкіндік берді.
 
Күннің тұтылуы кезінде 
байқалған күн тәжісі
• Ұсынылатын фильмдер

– Тұтылу дегеніміз не?

– Күн тұтылу қуғыншылары
Қосымша сұрақ
C16. Күн сәулесі неге теріні қарайтады?
Күн сәулесінде ультракүлгін сәулелер кездеседі, себебі озон қабаты ультракүлгін сәулелердің барлығын жұта 
алмайды.
Шынының бірнеше миллиметрі ультракүлгін сәулені жұтып алады, сол себепті біз әйнек артында 
қараймаймыз. Ауа да кейбір ультракүлгін сәулелерді жұтып алады, бірақ олар біздің терімізге жеткен кезде, 
жасушаларды өлтіріп, қылтамырларымызды үлкейту арқылы терімізді зақымдайды, сол себепті күнге күйген 
кезде, тері қызыл түске боялады. Зақымнан қорғану үшін жасушалар ультракүлгін сәулелерін оқшаулайтын 
меланин пигменттерін шығарады, олардың әсерінен тері қараяды.
Күн аспанның дәл үстінде болған кезде одан шыққан жарық Күннің батқан кездегі жарыққа қарағанда, аз 
атмосферадан өтеді. Сол үшін кешке жақын қараю қиын. Сондай-ақ экваторға жақын емес жерде қыста қараю 
мүмкін емес, өйткені күн аспан төбесіне көтеріле алмайды. Сол үшін де экваторда қараю оңай, себебі күн 
әрдайым аспан үстінде тұрады. 
Қосымша сұрақ
C17. Күнге тіке қарау қаншалықты қауіпті?
Күнге жай көзбен ұзақ уақыт бойы қарап тұру қауіпті болу мүмкін, себебі Күннен түскен ультракүлгін сәулелер 
көзді зақымдай алады. Күнге телескоп немесе қос бинокль арқылы қарау әлдеқайда қауіптірек, тіпті Күнге аз 
уақыт қарағанның өзі соқырлыққа алып келе алады. 
Күнге күннің тұтылуы кезінде қараған өте қауіпті. Күн кішкене жабылып тұрған кезде, көз жарықтың аз 
мөлшеріне үйреніп, қарашықтың үлкеюіне жол береді, сол себепті көзге лезде жарықтың өте көп мөлшері түсу 
мүмкін. Күннің кішірек бөлігі көрінгенмен, оның жабылмаған бөлігінен түскен жарық көзді тез зақымдай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет