Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата14.05.2024
өлшемі0,92 Mb.
#202172
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kktwig-kn-zhne-zhldyzdar



1
Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда 
түзілген. Шаң-тозаң центрге қарай тартыла бастағанда, ол кинетикалық энергияға (қозғалыс энергиясы) ие болады. 
Тозаң бір-бірімен соқтығысып, бұлттың центріне жинақталады, бұл энергия 
үйкеліс әсерінен жылуға айналып, тозаңның температурасы жоғарылайды. 
Ядроның температурасы белгілі бір деңгейге жеткен кезде термоядролық 
реакциялар жүре бастайды. Осы нүктеде олардың қозғалысы тоқтайды, өйткені 
жаңа туған жұлдыз ядросы энергия шығарады. Жұлдыз сыртында қалған тозаң 
тарап кетеді. 
Жұлдыздың өмір сүруі қарама-қарсы бағытталған екі күштің күресімен 
анықталады. Гравитация жұлдыздағы материалдарды ядроға қарай тартады
ал жұлдыздан бөлінетін жылу материалдарды сыртқа қарай итермелейді. 
Жұлдыз қаншалықты көп жылу шығарса, ол соншалықты үлкен болады.
• Ұсынылатын фильм

– Жұлдыздар дегеніміз не?
• Жұлдыздар қалай пайда болды?
1-бөлім: Өмірлік цикл
Біздің Күн 4,5 миллиард жыл бойы 
өмір сүріп келе жатқан жұлдыз 
Қосымша сұрақтар
C1. Термоядролық реакциялар дегеніміз не?
Термоядролық реакция кезінде ұсақ атом ядролары бір-біріне қосылып, үлкен ядро түзіледі. Оған қол жеткізу 
өте күрделі. Ядроларға бір-біріне қосылу үшін өте жақын орналасу керек, бірақ ядролар оң зарядқа ие, 
ал аттас зарядтар бірін-бірі итереді, сол себепті оларды біріктіру өте қиын. Өте үлкен тозаң бұлттарының 
гравитациялық күші ядроларды бір-біріне қосуға жеткілікті болу мүмкін. Сутек атомдарының ядросы өте 
кішкентай және бір ғана протоны бар. Олар үш сатылы процестің нәтижесінде қосылып, ең ауыр екінші 
элемент – гелийді түзеді.
C2. Не себепті жасыл жұлдыздар кездеспейді?
Аспандағы кейбір жұлдыздардың әртүрлі түсті болатындығын жай көзбен де байқауға болады. Кейбіреулері 
қызыл, кейбіреулері көк түсті болады. Негізінде жұлдыздар түрлі түсті болады, бірақ жасыл түсті жұлдыздар 
кездеспейді.
Материя қызған кезде электромагниттік толқындар шығара отырып, жарқырайды. Температура неғұрлым 
жоғары болған сайын, бөлінетін толқын жиілігі соғұрлым үлкен болады. Көзге көрінетін спектрде қызыл, 
қызғылт, сары, жасыл, көк, қара көк және күлгін түстері жиіліктерінің өсу реті бойынша орналасқан. Қызған 
денелер инфрақызыл сәулелер шығарады. 500°C шамасында қызған денелер қызыл жарық сәулелерін 
шығарады, ал 1000°C-та денелер қызғылт немесе сары сәулелер шығарады. Сол себепті, жұлдыз түсі оның 
температурасына тәуелді болады және ең ыстық жұлдыздар көк түсті болып келеді. Дегенмен, әртүрлі 
жиіліктегі сәулелер де шығарылады, сол үшін қызыл жұлдыз инфрақызыл және сары сәулелерді аз мөлшерде 
шығарады. Сонда жасыл жұлдыз тек жасыл сәуле ғана шығармайды, қызыл және көк сәулелерді де аз 
мөлшерде шығарады. Бұл бізге ақ сәуле ретінде көрінеді, сол себепті біз жасыл жұлдыздарды көрмейміз.
Күн және жұлдыздар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет