ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР
3
Егер жұлдыз жеткілікті үлкен болса, ол көміртекті жандырып бітіргеннен кейін
басқа да ауыр элементтермен термоядролық реакциялар өткізеді, тіпті, ақырында
темірге дейін жете алады. Темірмен термоядролық реакция жүргізу үшін энергия
шығарудың орнына энергия беру қажет. Бұл жұлдыз ядросының тез сууына алып
келеді. Сыртқа қарай итермелейтін сәуле күші аз болғандықтан, гравитация күшіне
қарсы қояр ештеңе қалмайды, сол себепті жұлдыздың үстіңгі қабаты ядроға қарай
жарық жылдамдығынан төрт есе кіші жылдамдықпен сына бастайды.
Денелер жұлдыздың центріне ұмтылғандықтан оның ядросы тығыздығы атом
ядросындай деңгейге жеткенше сығылып, нейтрондарға айналады.
Денелер ядроға жеткен кезде ядроны ары қарай сыға аламай артқа қарай
ыршып, екпінді толқын туғызады. Содан кейін денелер жарылып, нәтижесінде
аса жаңа жұлдыз туады. Аса жаңа жұлдыз күннен миллиард еседей жарығырақ
жарқырайды, ол мұндай жарығымен өзі орналасқан галактикадан да асып түседі.
Ядро нейтрон жұлдызы ретінде қала береді, бірақ жұлдыз жеткілікті деңгейде
үлкен болса ол ары қарай сығылып, Қара құрдым пайда болады. Ядро өзінің
бұрынғы тұрған жерінен бізге нақты белгісіз құбылыстың әсерінен жылжып, қатты
жылдамдықпен қозғалуын жалғастыра береді.
Достарыңызбен бөлісу: