Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата14.05.2024
өлшемі0,92 Mb.
#202172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kktwig-kn-zhne-zhldyzdar
6-нұсқа
 
 
 
• Жұлдыздар қалай жойылады?
 
 
Көбелек тұмандығындағы 
жұлдыз өлімі, Хаббл 
телескопы арқылы түсірілге
н
Қосымша сұрақ
C3. Ең алып жұлдыз қандай?
Жерден алыс орналасқан жұлдыздардың массалары мен диаметрлері оңайлықпен есептеле бермейді. Бірақ, 
VY Canis Majoris жұлдыздар арасында ең үлкен жұлдыз ретінде танымал. Бұл қызыл алыптың радиусы күннің 
радиусынан 2000 есе үлкен және есептеулер бойынша бізден шамамен 5000 жарық жылдар қашықтығында 
орналасқан. Басқаша айтқанда, егер біздің Күнді диаметрі 1 см сфера деп алсақ, VY Canis Majoris 
сферасының диаметрі 20 м болады.
VY Canis Majoris ең үлкен жұлдыз болып есептелгенімен, ол ең ауыр жұлдыз болып табылмайды. Ол бізден 
150 000 жарық жылдан астам қашықтықта орналасқан R136a1 деп аталатын үлкен көк алыпқа тиесілі. Оның 
салмағы Күндікінен 250 есе үлкен, ал жарқырауы шамамен 9 000 000 есе күшті. 
Бұл жұлдыздар көлемінің шегі болып саналады, себебі бұдан үлкен жұлдыздар өздерінің сыртқы қабатының 
едәуір бөлігін жоғалтуы тиіс. 


ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР
3
Егер жұлдыз жеткілікті үлкен болса, ол көміртекті жандырып бітіргеннен кейін 
басқа да ауыр элементтермен термоядролық реакциялар өткізеді, тіпті, ақырында 
темірге дейін жете алады. Темірмен термоядролық реакция жүргізу үшін энергия 
шығарудың орнына энергия беру қажет. Бұл жұлдыз ядросының тез сууына алып 
келеді. Сыртқа қарай итермелейтін сәуле күші аз болғандықтан, гравитация күшіне 
қарсы қояр ештеңе қалмайды, сол себепті жұлдыздың үстіңгі қабаты ядроға қарай 
жарық жылдамдығынан төрт есе кіші жылдамдықпен сына бастайды.
Денелер жұлдыздың центріне ұмтылғандықтан оның ядросы тығыздығы атом 
ядросындай деңгейге жеткенше сығылып, нейтрондарға айналады.
Денелер ядроға жеткен кезде ядроны ары қарай сыға аламай артқа қарай 
ыршып, екпінді толқын туғызады. Содан кейін денелер жарылып, нәтижесінде 
аса жаңа жұлдыз туады. Аса жаңа жұлдыз күннен миллиард еседей жарығырақ 
жарқырайды, ол мұндай жарығымен өзі орналасқан галактикадан да асып түседі.
Ядро нейтрон жұлдызы ретінде қала береді, бірақ жұлдыз жеткілікті деңгейде 
үлкен болса ол ары қарай сығылып, Қара құрдым пайда болады. Ядро өзінің 
бұрынғы тұрған жерінен бізге нақты белгісіз құбылыстың әсерінен жылжып, қатты 
жылдамдықпен қозғалуын жалғастыра береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет