Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда


ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата14.05.2024
өлшемі0,92 Mb.
#202172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kktwig-kn-zhne-zhldyzdar
6-нұсқа
ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР
4
Біздің күн ең жақын орналасқан аса жаңа жұлдыз 
әсерінен пайда болған екінші реттегі жұлдыз болып 
саналады. Күннің диаметрі Жердікінен 100 есе үлкен 
болғанымен, ол салыстырмалы түрде кішкентай жұлдыз 
және сары ергежейлілер тобына жатады. Ол бұдан 
4,6 миллиард жыл бұрын пайда болған, ал қазір орта 
жас шамаларында өмір сүруде, яғни әлі термоядролық 
реакция нәтижесінде сутекті гелийге айналдырып 
жүр. Шамамен 5 миллиард жылдан кейін ол гелийді 
термоядролық реакциядан өткізуге көшіп, қызыл алыпқа 
айналады, яғни радиусы шамамен Жердің орбитасына 
жеткенше өседі. Жер бетінде тіршілік ұзақ уақыттан кейін
жойылады. Күннің жарқырау күші жоғарылап келеді, 
бар-жоғы 1 миллиард жылдан кейін күннің ыстығы қатты 
көтеріліп, Жер бетінде сұйық су сақталмайтындай өте 
жоғары температура орнайды. 
• Ұсынылатын фильмдер

– Күн

– Күннің өлімі 
 
 
 
• Біздің күн қандай жұлдызға жатады?
ДИАГРАММА 01:
2-бөлім: Күн
Қосымша сұрақ
C7. Егер Жерге жақын жерде аса жаңа жұлдыз пайда болса не болады?
Егер аса жаңа жұлдыз Жерге жақын жерде пайда болса, оның әсері апатты болу мүмкін. Жарылыстан бөлінген 
гамма сәулелері озон қабатын жою арқылы Жер атмосферасын зақымдап, Жердегі тіршілікке қауіп туғызуы 
мүмкін. Аса жаңа жұлдыздың қандай қашықтықта қауіп туғыза алатындығын өлшеу қиын. Алайда, есептеулер 
бойынша аса жаңа жұлдыздың 30 жарық жылдар қашықтықта орналасуы жеткілікті. Бұл жұлдызаралық 
өлшем бойынша әжептеуір жақын арақашықтық болып есептеледі, себебі күнге ең жақын орналасқан жұлдыз 
шамамен 4 жарық жылдар қашықтықта жатыр. 
Аса жаңа жұлдыздарды жерден бақылауға болады. 1006 жылы Араб және Қытай астрономдары өте жарық аса 
жаңа жұлдызды көргендері туралы деректер қалдырған. Бұл – тарихта жазылған ең жарық жұлдыз құбылысы, 
ол айлар бойы, тіпті күндіздің өзінде де көрініп тұрған. Бұл аса жаңа жұлдыз Жерден шамамен 7000 жарық 
жылдар қашықтықта орналасқан және оның қалдықтарын әлі күнге дейін көруге болады. 
Қосымша сұрақ
C8. Ауыр элементтер қайдан алынады?
Егер жұлдыздар сутек, гелий және көміртек сияқты элементтерден термоядролық реакциялар арқылы 
ауырырақ элементтер түзеді, бірақ темірден ауыр элементтерді жасай алмаса, алтын секілді басқа элементтер 
қайдан алынады? 
Мұндай элементтер аса жаңа жұлдызға айналған өте үлкен жұлдыздардың бетінде ғана пайда бола алады. 
Ұзақ уақыт бұрын аса жаңа жұлдыз пайда болып, өзі түзген ауыр элементтерді жан-жаққа таратады, сол 
бөлшектер Күн жүйесіне еніп, қалыптасқан. Бұл сіздің қазір киіп жүрген кез келген алтыныңыз ежелгі 
жұлдыздың жарылуынан пайда болған дегенді білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет