Жер — Күн жүйесіндегіКүннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар, адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер өз білігін 24 сағатта толық бір айналып шығады. Осы уақыт аралығы «тәулік» деп аталады. Оның табиғи серігі – Ай. Күнді 29 күнде айналып шығады. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жердің өз білігінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның Күнді толық айналуына 1 жыл уақыт кетеді. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында тұр.
ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ АҚПАРАТ
ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ АҚПАРАТ
Шын мәнісінде жер өз білігінде 23 сағат, 56 минут, 4 секундта айналып шығады. Бір таң қаларлығы, ол осы уақыттан бір минут асып кетпей немесе кешігіп қалмай миллиондаған жылдар бойы айналып жүр. Ал, адам өз ісіне ыңғайлы болуы үшін 1 тәулікті 24 сағат деп есептеп алған. Ал сол 23 сағат, 56 минут, 4 секундтан артылған уақыт 4 жылда жиналып, оған 1 тәулік қосылады. Ол – 29 ақпан. Тәулікте 4 жылда бір қосылып, оның 366 күн болу жылын кібісе деп атайды.
«Сұраққа жауап» әдісі
Күн мен түн неліктен ауысып отырады?
Күн жерді айнала ма, әлде Жер Күнді айнала ма?
Қазақ тілінде күн мен түннің ауысуынан пайда болған қандай сөздерді білесіңдер?
Дискриптор:
Мəтінді тыңдап, мазмұнын түсінеді.
Мәтіндер негізінде сұрақтарға дәлелді түрде жауап береді.
ТӨЛ СӨЗ БЕН АВТОР СӨЗІ
Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, еш өзгеріссіз беруі төл сөз деп аталады.
Мысалы, «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», - деген Абай. Осы сөйлемде «мал жұтайды, өнер жұтамайды» деген Абайдың сөзі ешқандай өзгеріссіз айтылған күйінде беріліп тұр.
Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады. Жоғарыда келтірген мысалдағы деген Абай cөзі – автор сөзі болып табылады.
Төл сөз бен автор сөзі «де» көмекші етістігінің деді, деп, деген, дейді, дегендей, дей жаздады, деген екен тұлғасындағы түрінің бірімен байланысады.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер:
негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады;
Бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;
Автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сөйле, сұра, бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.
ТӨЛ СӨЗ
ТӨЛЕУ СӨЗ
- Менің ғарышкер болғым келеді, - деді Дарқан.
Дарқан өзінің ғарышкер болғысы келетінін айтты.
«Ойлан, жаз, дәлелде»
Берілген сөйлемдерді төл сөз бен автор сөзіне айналдырып жазыңдар.
Үлгі: Ежелгі адамдар: «Жер жазық», - деп болжаған.
1500 жылға дейін адамдардың көпшілігі Жер әлемінің ортасында орныққан деп ойлаған.
1473-1543 жылдар аралығында өмір сүрген поляк ғалымы Николай Коперник күн әлемнің ортасында орналасқанын, ал Жер өзге ғаламшарлармен бірге Күнді айналып жүретінін дәлелдеді.