Мейірбикелік процесс-қазіргі американдық және батыс еуропалық,римдік іс моделінің негізгі ажыртылмайтын түсінігі.Бұл реформаторлық концепция ХХ ғасырдың 50-ші жылының ортасында АҚШ-та пайда болып,клиникалық жағдайда төрт он жылдық ішінде өзінің нәтижелілігін дәлелдеді.Қазіргі кезде медбикелік процесс әлемнің 50 елінде медбикелік көмектің теориялық,ғылыми базасын құрып,медбикелік білім мен тәжірибенің өзегі болып саналады.
Мейірбикелік процесстің мақсаты-емделуші ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті немесе тыныш өлімді қанағаттандыру,науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Мейірбикелік процесс 5 кезеңге бөлінеді:
-
Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау;
-
Мейірбикелік диагностика;
-
Күтімді жоспарлау;
-
Жоспарлауды жүзеге асыру;
-
Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау;
-
Мағлұмат жинау: Емделушіге жеке,мұқият ойластырылған,ғылымға сүйенген күтім ұйымдастыру үшін мейірбике өзінің емделушісінің кім екенін анық білу қажет;
-
Мейірбикелік қараудың негізінде американдық психолог А.Маслоудың адамның 14 негізгі қажеттілігі туралы оқу жатыр;
-
Мейірбикелік диагноз қою: Мейірбикелік диагноз немесемейірбикелік проблема түсінігі алғаш рет ХХ ғасырдың 50-ші жылдары Америкада пайда болып,1973 жылы ресми және заңды тұрғыда бекітілді.Қазіргі таңда америкалық мейірбикелер Ассрциациясы бекіткен фин проблемалары тізімі-114 бірлік;
-
Мейірбиелік диагноз дегеніміз- емделушінің бойында бар немесе потенциалды ауруға және кқңіл-күйіне деген жауабын,сол жауаптың себебін суреттейтін мейірбикенің клиникалық пікірі;
-
Жоспарлау: Мақсатты белгіленгеннен кейін мейірбике емделушінің күту жоспарын құрды,яғни күтімнің мақсатына жтуге қажетті мейірбикенің арнайы іс-әрекетінің толық тізімінен тұратын жазбаша нұсқаудың жасалуы.Мейірбике ақ қағазды қолдана отырып,жағдайды тиянақты,қойылған проблема бойынша емделушіге не істей аламын,оған қандай көмек көрсете аламын деген сұрақтарға жауап беруге тырысады;
-
Күтімнің жоспарын жүзеге асыру:Мейірбике қағазға жазғанын өзі немесе техникалық мейірбикенің көмегімен жүзеге асырады.Мейірбикелік іс-әрекет 3 түрлі мейірбикелік қатысуды жобалайды;
Дәрігердің талабымен немесе қарауымен орындалатын мейірбикенің іс-әрекеті мысалы 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу,таңғышты аустыру,асқазанды тазарту.
Мейірбикенің өз ықыласымен және өз ойымен қабылдаған,дәрігердің талабынсыз жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.
Мысалы:
-
Емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету;
-
Емделушінің сырқатына деген жауабын және оған бейімделуін байқау;
-
Емделушінің емге деген жауабын және оған бейімделуін байқау;
-
Емделушіні емдеу тәсілдеріне және өзін-өзі күтуге үйрету ;
-
Емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
-
Емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын қалпына түсіру жөнінде нұсқау беру;
-
Емделушінің өз күші мен мүмкіншілігіне сендіру үшін күтім шараларын жоспарлау;
-
Емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;» /12/
Дәрігер немесе денсаулық жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету,мысалы:физиотерапевт,диетолог немесе инспекторы.Ренимациялық шаралар мысал бола алады.
Күтімнің нәтижесін бағалау: Емделушіні күту сапасы мен нәтижесін мейірбике үнемі белгілеп отырады:
-
мақсатқа жетудегі табыстарды бағалау;
-
емделушінің стационарда жатқанына жауапты реакциясын тексеру;
-
жаңа проблемаларды белсенді іздестіру және оны бағалау.» /11/
Жұмысқа орналасатын жерлері: ауруханалар, емханалар,хоспистер, денсаулық пункттері, әртүрлі мемлекеттік мекемелердегі медпункттер, медицина колледждері.(1 – суреті қараңыз)
Қызметі:
-
дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету;
-
дәрігерлерге операция жүргізу кезінде көмекші болу;
-
ауруханалардағы және емханалардағы ауруларды күту;
-
дәрі егу және артериалдық қысымды өлшеу, ауруларға дәрі беру сияқты медициналық ем-шараларды орындау;
-
медициналық құжаттамалармен жұмыс істеу (рецепттер, анықтамалар, қаралуға жолдамалар беру
«Берілген суретте мейірбикенің жұмыс жасау орындары тізілген.
Бағдар беруші пәндер:
-
Анатомия
-
Физиология
-
Жалпы патология негіздері
-
Микробиология
-
Денсаулық ахуалына баға беру
-
Фармакология негіздері
-
Мейірбике ісінің негіздері
-
Мейірбике ісіндегі менеджмент
Достарыңызбен бөлісу: |