Сабақ №4-5 Тақырыбы: Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау



бет1/2
Дата26.09.2023
өлшемі158,7 Kb.
#182512
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
3-4н. Практикалық сабақ 4-5


Практикалық (семинар) сабақтар




Сабақ №4-5
Тақырыбы: Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау

Ұңғыма туралы түсінік. Ұңғыма - тау жыныстарының қалыңдығына салынатын тереңдігі бірнеше метрден бірнеше километрге дейін, диаметрі 75 мм жоғары болатын дөңгелек қималы кен қазбасы (1-сурет).


Ұңғыма элементтері: сағасы - бетке шығатын жері; түп - түбі; оқпан немесе қабырға - бүйірлік беті. Оқпан осі бойымен сағадан түпке дейінгі арақашықтық - ұңғыма ұзындығы, ал тігінен ось проекциясы бойынша арақашықтық - оның тереңдігі болып табылады.

1-сурет. Ұңғымалар:


а,ә-тік вертикалды; б- көлбеу; а, б — тұтас бұрғылау; ә - бағаналы бұрғылау;


1 - саға; 2 - қабырға (оқнан); 3 - ось; 4 - түп; 5 - өзек

Ұңғымаларды, әдетте, бір аралықтан екінші аралыққа диаметрді азайта отырып бұрғылайды. Әдетте, бастапқы диаметрі 900 мм аспайды, ал соңғысы 75 мм аз болуы сирек.


Ұңғымалардың тереңдеуі түптің бүкіл ауданы бойымен (тұтас бұрғылау) немесе оның шеткі бөліктері бойымен (бағаналы бұрғылау) жыныстарды бұзу арқылы жүзеге асырылады. Соңғы жағдайда ұңғыма ортасында өзек (тау жыныстарының цилиндрлік бағанасы) қалады, оны өткен қима жыныстарын зерттеу үшін беттік қабатка мезгіл-мезгіл көтеріп отырады.
Ұңғымаларды құрлықта да және теңізде де арнайы бұрғылау қондырғылары арқылы бұрғылайды.
Мұнай мен газды өндірудің үздіксіз өсуі тек ондаған жаңа мұнай мен газ кен орындарын барлауды және пайдалануға беруді қамтамасыз ететіндей мыңдаған ұңғымаларды бұрғылаған жағдайда ғана мүмкін болады.
Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері.
Мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау кезіндегі барлық механикалық бұрғылау тәсілдерінің ішінде айналмалы бұрғылау кең қолданылады. Айналмалы бұрғылау кезінде тау жыныстарының бұзылуы жүктеме мен моменттің қашауына бір уақытта әсер ету нәтижесінде пайда болады. Жүктеме әсерінен қашау тау жынысына енгізіледі, ал айналдырушы әсерінен ол ұсақталады және тозады.
Бұрғылаудың - роторлық және түптік қозғалтқыштарды (турбобұрғы немесе электробұрғы) пайдаланатын екі тәсілі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет