КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 257
Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу
–
бүгінгі таңдағы
көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық
–
бүкіл
тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей
бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.
Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа
ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс
-
әрекетінде сол
жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға
қол жеткізеді.
Мектеп
–
бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды,
қайталанбас кезеңі. Сондықтан да ондағы білім беру ісі
–
үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы,
қиын да қадірлі жұмыс. Мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,
яғни сөйлеу, оқыту, қоршаған ортада дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде
бағалап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу
мәдениетіне үйретеді.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу әдістемелік мазмұнының өзгеруі
мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңарту, шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етеді.
Қазіргі уақытта барлық салада даму үздіксіз болуы қажет.
Ұстаз беделі, ең алдымен, өзінің жеке басының қасиеттеріне, ұстаздық қабілетіне
байланысты. Мұғалім мамандығы ертеден келе жатқан мамандықтардың бірі. Білімді таратушы
болды. Сол себептен мұғалімдердің жан
-
жақты білімді адамдар болуы тиіс. Ұлы ағартушы Ы.
Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім мектептің жүрегі»
дегені мәлім
[2,21]
. Бала атаулыға ашық
-
жарқын қарап, мейірлене қарай білсек, оның пәк сезімінен
шықсақ, сенім артар серік табарымызға күмән жоқ. Бүгінгі күні мектеп жасындағы балаларға жаңа
технологияға сай, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу бағдарламасымен білім беру
өзекті мәселердің бірі болып табылады. Бірақ қандай да білім беру жүйесін алып қарасақ та
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту келелі із болып табылады. Демек оқу әрекеті
баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекеті нақты жағдай шешу барысында
нәтижеге жеткізетін қабілеттерді дамытады. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатындағы
болуы мүмкін.
Біздің міндетіміз
–
оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып
көрсету. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының
нәтижесіне өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілет мен талантын дамытуды
неғұрлым ертерек бастасақ, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы
қабілетті мұғалім байқамаса, ол бала оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан қабілеттің
дамуында мотивация, түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстар жүргізу мұғалімнің шеберлігіне
байланысты сабақты белсенді әдістермен жүзеге асыруда мұғалім шығармашылық ізденісі ол
мамандығына деген сүйіспеншілік алдындағы шәкірттер бағалауы ерекше орын алады. Әр
оқушының жас ерекшелігіне қарап жеке басын қадірлеу қағидасы да мұғалім ең бір жиі
қолданылатын әдіс
[3,9]
. Олай болса, мұғалімдердің оқушылармен жұмыс жасау үшін олардың
ақыл
-
ой дамуын, интелектісін, логикасын және оқушы тұлғасының сапалар қалыптастыру мен
дамытудың психологиялық
-
педагогикалық қабілет мүмкіндіктерін зерттеп білу керек.
Мұғалім қызметі шеберлік тұрғысынан да, шығармашылық тұрғысынан да оқушыларға
өнеге болуы тиіс. Осы орайда әр ұстазға ізденуіне, шығармашылықпен айналысуға жоғары ахуал
туғызып, ілтипат сезіммен қарым
-
қатынас жасау жолға қойылу керек. Мұғалімнің атқаратын
әрекеті қарым
-
қатынасқа негізделеді. Сондықтан ол өз
еңбегінде қарым
-
қатынасқа үлкен мән беруі
тиіс. Балалармен қарым
-
қатынас жасаудың психологиялық жолы оның жеке басының жай, күйіне
жалпы психологиялық жағдайын өзінің жеке педагогикалық дербестігін ескеру болып табылады.
Педагогтік істің шебері болу кездейсоқ нәрсе емес. Ол көптеген себептерге байланысты мұғалім
ісінен орын алады.
Педагогикалық әрекеттегі шығармашылықтың тірегі, мұғалімнің білімділігі. Тек өз пәні ғана
емес
-
жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгерген, терең де тиянақты білім иесі ғана оны
мақсаткерлікпен іске асыра алады, әрине бұл жерде қалыптан тыс ойлай алу қабілетінің рөлі
жоғары. Ойлаудың бұл деңгейіне адам бұрын тәжірибеде кездеспеген әрекеттің жаңа түрімен
айналысуы, әртүрлі жағдаяттарды шешу, жаңадан жаңаны көру, тани білу арқылы жетеді. Мұны