Пленарлық баяндамалар



Pdf көрінісі
бет310/433
Дата16.05.2024
өлшемі9,68 Mb.
#202366
түріСборник
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   433
Байланысты:
Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)

КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: 
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ 
ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: 
МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 
260 
Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны субьект 
ретінде жан 

жақты дамыту мәселесін қойып отыр. Қазіргі оқушы шыдамды, тапқыр дарынды, 
белсенді, іздемпаз, талапты, өз алдына қойған мақсат қоя білетінзияткер болуы қажет. Осындай 
жеке тұлғаны субьект ретінде дамытып, қалыптастыру керек. Білімге деген құштарлық адам 
бойындағы ерекше қасиеттер 

шексіз қиял мен ой еркіндігіне алып келеді. Сонда ғана оқушы өз 
бетінше ізденіп ғылымды дамыта алатын іздемпаз, шығармашыл тұлға айналады. Оқушының 
бойында қызығушылықты ояту көпшілік жағдайда мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне байланысты 
болады. Сондықтан да «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға 

мұғалім» деп Стронг айтқандай, ұздаздық білімділікпен қоса іздемпаздықты, дарындылық, 
ұйымдастырушылық, тағы да көптеген құндылықтарды талап ететін маман иесі. Шығармашылық 
қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз 

оқушының бойында жасырынып 
жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету. Оқушының сабақ үлгерімін жақсарту үшін мұғалім сынып 
оқушылары алдындағы кедергілерді анықтауы қажет. Ол кедергілерді жою тек қана сабақ беруші 
мұғалімдердің ғана емес ата 

аналардың біріге ақылдасып жасайтын жұмыстарының нәтижесінде 
жемісті болмақ.
Меніңше, тек білімде емес, өмірде де осы принциптерді ұстануымыз керек.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті 
өзі іздеп табуы. Сондықтан біз өз сабақтарымызда мүмкіндігінше оқушыларды өз беттерімен 
ақпараттар іздеуге, қосымша материалдарды ақпараттық 

коммуникациялық технологиялар 
көмегімен анықтай алуға үйретеміз. Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы 
көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы 

аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы 
білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке 
даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ. Бұл 

педагогтік өтілі бар 
көп мұғалімдерге де қатысты. Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі 
талап,педагогикалық үдерістің күрделігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі 
барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек:
1.
Сабақтың мақсаты қандай? Күтілетін нәтиже қандай?
2.
Сабақтың мақсатына жетудегі оқушы және мұғалім үшін жетістіктері. Ал жетіспеушілігі не 
болды, оның себептері неде?
3.
Сабақ кезінде білімнің қалыптасу деңгейін анықтау (материалдың логикалық байланысы, 
ғылымилығы, ақпараттық берілуі, қиыншылықтар, стандарттан тыс ойлар).
4.
Менің сабағым оқушыма жаңадан на бере алды? Деген сұраққа жауап іздеңіз.
Мұнда төмендегі қандай инновация қалыптасты дегенді ойлаңыз: ойының дамуы, есте 
сақтау қабілеті, зейін қойып тыңдауы, досын ықыласпен тыңдауы, өз ойын, идеясын айтуы, өз 
көзқарасын білдірмеуі, басқаларды мақұлдап отыруы, мүлдем қарсы пікір айтуы
5.
Сабағыңыз қаншалықты деңгейде оқушылардың темпераментіне сәйкес келді ме? Алға 
қойған
мақсаттарыңызға жетуде қаншалықты тиімді болды.
6.
Оқушыларды бағалау деңгейін қалай жүзеге
асырдыңыз. Мұнда кейбір оқушылар неге 
сөйлемей қалды, ал керісінше неге кейбірі сөйлей береді, бұлардың себебі не деп ойлайсыз?
7.
Сабақтың өту екпіндігі (темп) қалай жүрілді, барлық оқушының қызығушылығын тудыра 
алды ма? Іс 

әрекетіңіз үйлесімділігі қаншалықты нәтижелі шықты, оқу ақпаратын 
(материал) қандай деңгейде ұйымдастыра алдыңыз?
8.
Оқушылар алған білімдерін өмірде пайдалана алады ма?
9.
Үй
тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай орындау керек?
«Әрбір бала 

данышпан» деген қағидаға мән берсек, оқушылардың жарқырап көрінуі үшін, 
олардың бойындағы қабілеттерін ашу және оларға бағыт 

бағдар беруде мұғалімге артылар жүк аз 
емес. Ол міндет 

оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой 

өрістерін танымдық белсенділігін 
дамытуда аянбай еңбек ету, оқушының жекелеген қабілеттерін дамыту. 
Осы ережелерді басшылыққа ала отырып және тиімді пайдалана білсек нұр үстіне нұр болар еді. 
Елбасымыздың «Еліміздің ертеңі 

бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры 

ұстаздардың қолында» деген сөзін әрдайым естен
шығармайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет