КОЛЛАБОРТИВТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫ ПЕДАГОГ: ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ ЦИФРОВОЙ ПЕДАГОГ В КОЛЛАБОРАТИВНОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ СРЕДЕ: МИРОВОЙ ОПЫТ, ИННОВАЦИОННЫЙ МЕТОД 266
ТҚАБ балалардың арасында саны ең көп топты БСА ауыратындар құрайды. Бұндай балалар
қимыл
-
қозғалыс саласы және танымдық әрекеті кемістіктері байланыстарының нәтижесінде оқыту
мен тәрбиелеудің арнайы жағдайларын қажет етеді. БСА барысында әдетте, қимыл
-
қозғалыстың
бұзылуы тілдік кемістікпен және жекелеген психикалық функциялардың қалыптасуының
тежелуімен сәйкестікте болады. [2]
Қимыл
-
қозғалыс бұзылуының ауыртпалығы әр түрлі болады: кейбір балалар тік күйде отыра
да, тұра да алмағандықтан, тек арнайы арбада ғана қозғала алады, көптеген балалардың жүріс
мәнері өзгеше болады, көпшілігі ортопедиялық арнайы құралдар
–
балдақтар, таяқтар және т.б.
пайдаланады, сал ауруымен ауыратын балалардың аз ғана бөлігінде қосымша құрылғылардың
көмегінсіз қозғалу мүмкіндігі бар. Оң жақ аяқ
-
қолдары зақымданған ауру балалар іс
-
әрекетті сол
қолымен істеуге мәжбүр, бұл жағдай олардың өзіне
-
өзі қызмет ету және жазу дағдыларын
меңгерулерінде қиындық тудыруға әкеп соғуы мүмкін. Шамамен барлық балада саусақтардың
сезімталдығы дамымаған.
БСА ауыратын балалардың көпшілігінде сөйлеу дағдыларының кемшілігі байқалады, соның
ішінде жиі кездесетін жағдай
–
тіл күрмелудің (дизартрия) түрлі формалары. Тіл күрмелудің
байқалуы әр түрлі: жеңіл 27 (өшірілген) түрінен мүлдем түсініксіз сөйлеуге дейін болуы мүмкін.
Ең күрделі жағдайларда анартрия (сөйлей алмау) байқалуы мүскін. Дыбыстарды айтудың бұзылуы
көптеген жағдайда жалпы сөйлеу тілінің дамымауының (ЖСТД) әсерінен қиындайды. Тілдік
кемістіктің болуы көптеген жағдайда сөйлесу ықыласын төмендетеді және сөйлесу байланысында
қиындықтар тудырады. Балалардың 20
-25%-
да көру кемістігі бар: қитарланған және шашыранды
қылилылық, нистагм, көру кеңістігінің шектелуі. БСА танымдық процестердің қалыптасуы
жекелеген психикалық функциялардың тоқтап қалуымен және біркелкі дамымауымен
сипатталады. [2,26]
Көптеген балаларда қабылдаудың дамуында, сонымен қатар кеңістіктік және уақыттық
елестетудің қалыптасуында қиындықтар байқалады. Барлық балаларда дерлік астения (ағза
әлсіздігі) байқалады: жұмысқа қабілеттіліктің төмендігі, барлық психикалық процестердің
қалпына келмеуі, қабылдаудың бәсеңдігі, зейін аударудың қиындығы, есте сақтау көлемінің аз
болуы. Бұндай балалардың көпшілігінде жоғары психикалық функциялардың даму әлеуетінің бар
екендігін атап өту қажет, алайда дене бітімінде кемшіліктері (қимыл
-
қозғалыс, есту, көру
фукцияларының бұзылуы), сөйлеу қиындықтары, астениялық көріністің және білім қорының
шектеулілігі, әлеуметтік
-
мәдени депривацияның салдары бұл мүмкіндіктерді жасырып тұрады.
Тірек
-
қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып жағдайын да, сондай
-
ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында да жүзеге асырылуы мүмкін. Қажет болған
жағдайда үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін. Тірек
-
қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды
арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:
-
бастауыш білім беру деңгейінде
– 0
(даярлық), 1
-
4 сыныптар;
-
негізгі орта білім беру деңгейі
– 5-
10 сыныптар;
-
жалпы орта білім
беру деңгейі
– 11-
12 сыныптар. Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының
тежелуімен, сөйлеу және қимыл
-
қозғалыстың бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды
меңгерудің қиындығымен, түзету
-
сауықтыру шараларын өткізудің қажеттігімен байланысты
болып отыр. [2,27]
Оқу әрекетін нормаға сәйкестендіру және оқытудағы қиындықтарды жеңуде арнайы
сыныптың оқушысы оқытудың кез келген сатысында қалыпты дамыған құрдастарының сыныбына
ауыстырылуы мүмкін. Қимыл
-
қозғалыстың бұзылуымен қатар интеллектуалдық ауытқуы
байқалатын бала ақыл
-
есі кем оқушыларға арналған арнайы сыныптарда оқытылады. Тірек
-
қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту түзету компонентін
қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, сонымен қатар жалпы білім берудің бағдарламалары
мен оқулықтарына жүзеге сәйкес асырылады. Оқу процесінде оқушылардың қимыл
-
қозғалыстық
және сөйлеу ерекшеліктерін ескере отырып арнайы дайындалған дидактикалық материалдармен
қатар ақпараттық
-
коммуникациялық технологиялар және басқа да материалдарды қолдану қажет.
Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге асуы тиіс, сонымен қатар дене,
танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. Оқу
процесін ұйымдастыру арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдануды, бағдарламаның жекелеген
бөлімдері мен тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін арнайы сабақтарды кіріктіруді,