Сезім тәрбиесіне арналған дидактикалық ойындар Дидактикалық ойын бөбектер тобындағы баларға тән оқу формасы болып табылады. Оның негізі – ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру арқылы көп нәрсеге үйрететін халық педагогикасында жатыр . Дидактикалық ойында ойын әрекетіне тән құрылымдарының барлығы да бар. Дидактикалық ойынның оқыту сипаты , оның мазмұны балалардың танымдық әрекетін дамытуға бағытталған . Дидактикалық ойынның маңызы – балалардың дербестігін және сөйлеу белсенділігін дамытатындығында. Бөбектер тобындағы балалар ойындарындағы ойын әрекеттері оған қатысушылардың бәрі үшін бірдей . Мысалы, «Допты қақпаға домалат» ойынында дидактикалық міндет – балаларды қимыл икемділігіне үйрету, кеңістікті бағдарлауын дамыту болып табылады. Балалардың міндеті – белгілі қашықтықтан доты қақпаға кіргізу . Балалар ойын үстінде ойыншықтармен , заттармен, материалдармен ойнай отырып, оларды қайта жинауға , орнын ауыстыруға, құрамдас бөліктерге бөлуге, алмалы-салмалы ойыншықтарды қайтадан құрастыруға мүмкіндік алады.
Құрастыру ойыншықтарымен ойналатын ойындар. Құрастыру ойындары арқылы заттың көлемі туралы балаларда нақты түсінік пайда болады . Ойынды дұрыс жүргізу үшін оның ережесін жақсы білу керек. Бұл ойыншықтар балаларға едәуір қиыншылықтар туғызады. Жақсы қорытынды шығару үшін ойында әрбір бөлшекті дұрыс пайдалана білу керек. Осындай тәсілдермен ұсынылған бағдарламалық тапсырманы орындауда балалар ойыншықтардың көлемін дұрыс ажырата білуді меңгереді . Сондай-ақ саусақтардың қимылдарын ажыратады .
«Сандықтарды жина » ойыны Дидактикалық міндеті. Балаларды заттардың көлеміне сәйкес салыстыра білуге баулу. «Үлкен» және «Кішкене» сөздерінің мағынасын түсіндіру. Тәрбиеші балаларға үлкен сандықты көрсетіп, оның түсін, оюына назар аудартады . Сандықты сілкіп, оның ішінде бір нәрсе барына, салдырлаған дыбысына назар аудартады. Сандықты ашып, балаларға оның ішіндегі кішкене сандықты көрсетеді. Балалар аса қызығушылықпен қарайды . Кішкене сандықты алып, үлкен сандықтың қасына қояды . Балалар өздері салыстырады . Тәрбиеші үлкен сандықты ашып, ішіне кішкене сандықты салады да, балалардың біреуіне сандықты жапқызады . Сандықтың аузын жапқан соң, неше сандық тұр , түсі , көлемі қандай деген сұрақтарға жауап алады. Балаларға үлестірмелі материалдар таратылады . Үлкен сандықты ашып, ішіне кішкене сандықты алуды тапсырады. Балалар үлкен сандықты және кішкене сандықты қатар қойып , аузын жабады . Содан соң үлкен сандықты көрсетеді, оның түсін, көлемін сұрайды . Неше сандық тұрғанын айтқызады. Балалар өздері салыстырып, кішкене сандықты қайтадан үлкен сандықтың ішіне салып жинайды .Балалар ойынның соңына қарай тапсырманы өздері толығымен шешуге тырысады. Балалар өз беттерімен ойнағанда, олардың сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында тәрбиеші дағды мен біліктің қалыптасуына назар аударады.
Әр түрлі көлемдегі сақиналардан мысықты құрастыру Дидактикалық міндеті. Балаларды әртүрлі көлемдегі сақиналарды ажыратып, оларды көлемінің кішіреюіне қарай, түсін ажыратып , ретімен орналастыра білуге үйрету.Тәрбиеші көлемі әртүрлі сақиналарды балаларға салыстырып көрсетеді . Олардың түсін ажыратады . Негізінен ол түстер: қызы, көк, сары, қара, жасыл болады. Ал мысықтың басы ақ болады. Оның көзімен мұртының түсін де балалар ажырата білу керек. Енді ең үлкен сақинаны алады,ол көк түсті оның үстіне көлемі одан сәл кіші қызыл сақинаны қояды, одан көлемі кішірек сары сақинаны қойып, мысықтың мойны иілгенге дейін сақиналарды ретімен жинастырады . Әрі оның түсін айтады . Мін , осылай, іс-әрекеттің біртіндеп істелуі арқылы мысықты құрай отырып, оның денесін әртүрлі көлемдегі сақиналардан тұратынын меңгереді . Егер көлемінің кішіреюіне байланасты сақиналар дұрыс қрйылмаса, мысықтың денесі дұрыс жиналмайды. Балалардың өз беттерімен жұмысы кезінде мысықтың денесімен басын дұрыс жинап шығаруға назар аудару қажет . Әрі бала өзінің жинастырған затының түстерін, көлемін үлкен, кіші екенін ажырата білу керек .
«Мұнараны дұрыс жина » ойыны Дидактикалық міндеті: Балаларды сақиналарды көлеміне қарай ажыратуды үйрету . Балаларға тәрбиеші мұнараны көрсетіп, оны сақиналардан тұратынын айтып , одан қайта құрады . Бір баланы шақырып , осындай мұнараны үлгі ретінде құратады .сақиналарды шешіп алып көрсетеді . Әрқайсысын жеке-жеке көрсете отырып , мұнараны Балаларға үйлестірмелі дидактикалық материалдар беріліп , өз беттерімен жұмыс жүргізіледі . Тәрбиеші балалардың жұмысын бақылап , оларға бағыт – бағдар береді . Жұмысты қызығып , белсенді орындаған балаларға тапсырманы екінші рет орындауды ұсынады . Дидактикалық ойын болғандықтан балалардың тапсырмасы өз беттерімен дұрыс орындауына назар аудару қажет . Сабақтан тыс кезде ойнауға мүмкіндік жасаған дұрыс .
«Қақпа құрастыру» ойыны Дидактикалық міндеті: Балаларға құрылыс материалдарымен жұмыс істеуге , кірпішті қақпа пішініне сәйкес орналастыра білуге үйрету . Тәрбиеші үш үлкен кірпішті алып , жеке-жеке балаларға көрсетіп, жауап алады . Кірпіштің пішіні мен түсін сұрайды . Ойыншық машинаны көрсетіп , осы машина өтетіндей қақпа жасау керегін айтады . Үлгіні тәрбиеші өзі жасайды . Екі кірпішті тігінен қойып , үстін үшінші кірпішпен жабады . Міне , қақпа даяр болды . Осы қақпадан ойыншық машинаны ары-бері бірнеше рет өткізеді . Машина қақпадан еркін өтуі тиіс . Тәрбиеші үлгісінен соң , балардың өздері сондай қақпа жасап , одан машинаны өткізіп ойнауға ынтасы артады .Балаларға , жеке жұмысқа , дидактикалық материалдар мен ойыншық машиналар таратылады . Өз беттерімен жұмыс істейді . Олар екі кірпішті паралель қоюға қиналады . Ара қашықтықты дәл қоя алмайды . Балаларға көмек беруге асықпау қажет . Бірнеше рет өздері қойып , үлгілі қарап , соңында қақпаны жасап шығады . Жасап болған балалар машинасымен қақпадан ары-бері өтіп ойнайды . Қақпаны бұзбай ойнауы қадағаланады . Егер балалар машинамен кішкене құрылыс материалдарын тасып ойнауға ынта білдірсе , тәрбиеші оны қанағаттандырады . Қиналған кейбір балаларға тәрбиеші өзі көмектеседі . Негізінен балалар ойынды толық меңгергенше жүргізген дұрыс .
«Үй құрастыру» ойыны . Дидактикалық міндеті Үйдің төбесін жаңа элемент – үшбұрышты призмамен жабуды меңгерту . Есік , терезе , шатыр сөздерін естерінде сақтау.Үш-төрт кірпіш пен үшбұрышты призманы көрсетіп , таныс емес элнменттермен таныстыру . Балалардан үйді кімдер тұрғызатынын сұрау .Әркім өзінің кімге салатынын айтады . Тәрбиеші үлгі көрсетеді , екі кірпішті тігінен қойып , үстінен үщбұрышты призмамен жауып , үшінші кірпішпен қабырғасын жабады әрі терезесі болады . Төртінші кірпішті балалар егер өздері қолданғысы келсе , қабырға етіп қояды . Әйтпесе үш кірпіш жеткілікті . Онан соң ол үйге қуыршақ «атаны» , «әжені» т.б. әкеліп отырғызады . Оларды терезеден қарап отырғандай етіп орналастырады .Балаларға үйлестірмелі материалдар таратылады . Үш кірпіш пен бір үшбұрышты призма , ал үйге кіргізетін ойыншықты балалар өздері қалап алады .Балалар өз беттерімен үй жасайды . Алдында қақпа жасағандықтан , балалар үй жасауда онша қиналмайды .Әр баланың үй жасауда қандай құрылыс материалдары пайдаланатыны сұралады . Үйді кімге арнап салатынын айтқызады . Балалар үйлерді салып болған соң , бір-біріне қонаққа барып , ойынды өздері жалғастырады . Бірінің үйіне бірі өз ойыншықтарын кіргізіп ойнайды . Кейбір балалардың өтініштері бойынша , төртінші кірпіш беріліп , одан есік жасайды . Әр баладан үйдің құрылысы , қабырғасы , есігі , терезесі , шатыры жеке-жеке сұралады . Оның қандай пішіндерден жасалғанын әрі түсін сұрайды . Жұмыс аяқталған соң балаларға тағы да материалдар беріледі . Олардың өз беттерімен ойнауына мүмкіндік жасау керек. Әрине бұл кезде құрылыс ережесі бұзылады . Әр бала өз шығармашылығымен ойлайды , бұл ойын ойлау қабілетін дамытады. Бала қалай ойнаса да , қандай жұмыс істесе де тәрбиеші назарынан тыс болмауы керек.
«Қазанның қақпағын дұрыс жап» ойыны . Дидактикалық міндеті . Қазанның әртүрлі пішініне , көлеміне сәйкес қақпақты дұрыс жаба білуді меңгеру .Тәрбиеші балаларға әртүрлі пішіндегі , қазандар мен қақпақтарды салыстыра отырып , оның пішіні неге ұқсайтынын қазанның аузы дөңгелек , қақпақта дөңгелек екенін айтқызады . Онан соң көлеміне тоқталады . Үлкен қазан , кішкене қазан . Үлкен қазанға үлкен қақпақ жабу керек, ал кішкене қазанға кішкене қақпақ жабу керек.Балаларды жеке-жеке шақырып , өздері қалған қазанды алғызып , оның қақпағын дұрыс жабуға тапсырма береді .Егер балада көлем туралы жақсы қалыптасса ол қателеспейді . Сондай-ақ бұл ойында шелектің , шәйнектің қақпақтарын жаып ойнауға жағдай жасау арқылы ойынды түрлендіру қажет . Сонымен бірге қазан , қақпақ , шелек , шәйнек деген сөздерді баланың есте сақтауына назар аудару керек.
«Кәрзеңке» ойыны . Балалардың сезім мүшелерін дамытуға , заттың түсін , қатты , жұмсақтығын анықтауға арналған ойын .Үстелдің үстінде жемісімен алма ағашының макеті , бос кәрзеңке қойылады . Алманың түстері , көлемдері әртүрлі болады .Шақырылған бала алма ағашынан үзіп алған алмасының түсін , көлемін ажыратып айтады . Мысалы , түсі сары , көлемі үлкен т.б. Алманың түсі сары , қызыл , көк болады . Егер көлемі үлкен , кіші т.б. бала сезімдік сапаларын дұрыс атаса , ол алманы кәрзеңкеге салады . Кім көп алма жинаса жеңеді . Егер қателессе , ойынға келесі бала шақырылады . Ойынға барлығы қатысуын бақылау керек.Ойында алманың қатты , жұмсақтығын ажырату мақсатында алма мен муляжы пайдаланылады . Алдымен муляжды ұстап оны үстелге соғып , қаттылығына көздерін жеткізеді . Балалар қатты алманы кәрзеңкеге салады . Онан соң алманы қолдарына береді . Оны балалар иіскеп жеп көреді . Алдымен жейтін алманың түсін , көлемін айтады , жеген соң оның дәмін айтады . Балалар бұл ойынды серуен кезінде ойнайды . «Алма бақта» ,»Жеміс дүкенінде» деген тақырып бойынша ойын ұйымдастыруға болады .
Достарыңызбен бөлісу: |