Байланысты: Халықаралық пед. оқу. жинагы 10-11.04 2024 (1)
Keywords: online course, digital competence, digital learning technologies, digital
platforms, collaboration.
Мемлекет басшысы Қ.
-
Ж.Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында:
«Қазір әлем жыл сайын емес, күн сайын өзгеріп жатыр. Жаңа технологиялар, мамандықтар
және салалар пайда болуда. Жұмысты ұйымдастырудың және басқарудың әдіс
-
тәсілдері
қайта қаралуда. Осындай жағдайда жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және озық білімін
тиімді пайдалануға қабілетті жастардың рөлі арта түседі. Ойы ұшқыр жастарымыз
болашақты бағамдай алады әрі дәйекті дамуға ұмтылады»
–
деп, біз озық ойлы ұлт ретінде
тек қана алға қарауымыз керек екеніне тоқталды [1].
Осындай келелі міндеттерді шешуде ЖОО
-
ның коллаборативті цифрлы білім беру
ортасын құру және болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыру
маңызды.
Болашақ педагогтерге арналған «Цифрлы оқыту технологиялары» онлайн курсы ҚР
БҒМ тарапынан қаржыландырылатын (Келісім шарт №270/23
-
25,03.08.2023ж., ҰҒК
шешімі: хаттама №1, 2
6.06.24-
10.07.24 ж.) AP19680242 «Қазақстан Республикасында
педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының
коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру»
ғылыми жобасы аясында өткізілді.
Онлайн курсқа қатысуға Қазақстандық
және Ресейлік жоғары оқу орындарының
педагогикалық білім беру бағдарламаларымен білім алып жатқан студенттер шақырылды,
негізінен курсқа ЖОО
-
ның коллаборативті
цифрлы білім беру ортасын қалыптастыру
мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, І.Жансүгіров атындағы
Жетісу университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің болашақ педагогтері қатыстырылды.
Коллаборативті педагогикалық білім беру жүйесінде цифрлы білім беру ортасын
қалыптастырудың теориялық
-
әдіснамалық, инновациялық
-
технологиялық және желілік
-
әдістемелік аспектілерін зерделеу
мақсатында ұйымдастырылған онлайн курсқа 100
болашақ педагогтер қатысты.
Онлайн курстың
мақсаты
–
педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша білім
алып жатқан болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін арттыру, болашақ
педагогтерді цифрлы оқыту технологиялары және платформаларымен таныстыру, педагог
кадрларды дайындаудың сапасын арттыру.
Онлайн курстың міндеттері:
- Білім беруді цифрландырудың педагогикалық негіздерін ашып көрсету;
- Болашақ
педагогтерді цифрлы білім беру ортасы, цифрлы білім берудің даму
тенденциялары, заңдылықтары және принциптерімен таныстыру;
- «Педагогтің цифрлық құзыреттілігі», «педагогтің
цифрлық сауаттылығы»
ұғымдарының мәні мен мазмұнын ашып көрсету;