Демек оқушы бір мәтіннің аясында бірнеше жұмыс жүргізіп, мәтінге немесе
суретке, үнсіз бейне таспаға қарап ӛз болжамын айтып, мәтіннен белгілі бір
детальды тауып оқып, бейтаныс сӛздердің мағынасын біліп, стилін анықтайды,
бір-біріне топтық жұмыста түсіндіріп, топтасып жұмыс жасайды. Ӛзім сабақ
беретін сыныптарға қазақ тілі пәнінен белгілі бір мәтінді бірнеше бӛлікке бӛліп,
тыңдалымнан кейін бӛлінген мәтінді дұрыс құрастыру немесе бӛлімге бӛліп
мәтінді басынан соңына дейін дұрыс орналастыру, сұрақты оқушы
шатастыратындай етіп қоя отырып, мәтінге мұқият үңіліп оқуына түрткі
боламын. Оқушылардың мәтінді жан-жақты оқып, талқылауы арқылы тілді
меңгерулеріне болатыны тәжірибеде айқын байқалуда.
Тілді қолданып сӛйлеу немесе жазу продуктивті дағдылар қатарына
жатады. Жоғарыда айтылғандай, оқылым мен жазылым қатар жүреді. Тіл
үйренушіге әріптер мен сӛздерді пайдалана отырып сӛйлем құрай алуы
маңызды қадам. Сӛздерді орынды пайдаланып, сӛйлемдер құрап ӛзінің ойын,
түсінгенін қағаз бетіне түсіре алу жақсы нәтижеге қол жеткізудің баспалдағы.
Жазылым барысында оқушы орфографиялық қатесіз жазуға, әріптерді дұрыс
жаза білуге, пунктуацияны дұрыс қолдануға, абзацты дұрыс ұйымдастыра
білуге, стилді дұрыс таңдай алуға, сауатты жазуға біртіндеп үйрене бастайды.
Әрине, күнделікті сабақ барысында осы дағдыларды үнемі тиімді қолданар
болса, ӛзінің тиімділігін уақыт ӛте келе кӛрсетеді.Оқушы бойында шапшаңдық,
алғырлық, ӛзіне қажет мәліметтерді тыңдап, ойын жеткізе алу, қатесіз оқуға
және сауатты жазуға деген бірнеше ӛзгерістерімен қоса дағдылары да дами
түседі.
Мәтінмен жұмыс барысында аталмыш тӛрт дағдыны қатар тиімді әрі
оқушылардың деңгейіне сай жүргізуге болатынын байқадым. Бір мәтін аясында
бірнеше тапсырманы орындап, оқушының тілді меңгеруіне айтарлықтай оң
ықпалын тигізеді.
Қорыта келе, білім алушыларға коммуникативтік дағдыларды тиімді әдістер
арқылы меңгертіп, еркін сӛйлейтін бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.
Білім берудегі жаңартулар мен ӛзгерістер қазақстандықтардың алға қойған
мақсаттарына жетудегі негізгі бағыты болып табылады. Жарқын болашақтың,
жасампаз істердің бастапқы негізі болып табылатын бұл ӛзгерістер еліміздің
дамуына ӛз үлесін қосатын анық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Тілдік тӛрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары. Оқу-әдістемелік
құрал. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім беру бағдарламалары
орталығы» филиалы, 2014.
2. Әдістемелік оқу құрал. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім
беру бағдарламалары орталығы» филиалы, 2014.
3. Байтұрсынұлы А. Қазақша оқу жайынан. Кӛп томдық шығармалар жинағы. -
4 том, 294 б. - Алматы: Алаш, 2006.
Достарыңызбен бөлісу: