тұстарына қарай жауап береді. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере
отырып, олардың әрқайсысының ӛздерінен не күтетінін түсінгендеріне кӛз
жеткізу керек.
Бағалау. Сыныптағы саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың
нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер
оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму
аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін
икемді үдеріс.
Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет
пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі
түзетіліп отырылуы мүмкін. Сонда ғана біз пәнді оқытудан оқушыны оқытуға
қарай ілгерілей аламыз.
Сабақтың барлық сатыларында саралап оқыту тәсілдерін енгізу қажет.
Мысалы: үй тапсырмасының орындалуын тексеру барысында, сіз тестілеуді
оқушы ұнатпайтын әрекетке айналдыруға жол бермейтін әдістемелерді
пайдалана аласыз. Оқушыларға саралап оқыту әдісін қолдану оқушылардың
білім сапасын, олардың біліктілік деңгейі мен қабілеттерін жақсартуға
мүмкіндік береді. Тәжірибе корсеткендей, сенімді түрде алға жылжу
оқушыларды
шабыттандырып,
оларды
қарқынды
жұмыс
істеуге
ынталандырады. Тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне
деген сенімін нығайтады, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын
аpттырады.
Capaлay – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында неге ӛзекті? Eң
бастысы оқушылардың метасанасын дамыту. Оқу процесін «қажеттен» «ӛте
қызық» деңгейіне жеткізу. «Бұл сендерге қажеттен» оқушыға «бұл маған
қажетке» жетелey.
Capaлап оқыту – мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын, қазақ тілі мен
әдебиетті оқыту үдерісінің диалогтік сипатта, әрекеттік-шығармашылық
сипатта ӛтуін, оқушының жеке тұлғасының дамып, қалыптасуын кӛздейтін
дидактикалық жылжу.
Біз ескінің кӛлеңкесінде қалмай ,жаңа технологияларды тиімді қолдана
білуіміз керек. Жастарымызға дурыс бағыт беріп, сапалы білім алуына жағдай
жасауымыз қажет. Қазірде елімізде тынышқтық заман орнап, қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен зор сеніммен ауыз
толтырып айтамын.Дамыған елдер қатарынан ӛз орынымызды табу үшін
еңбектеніп келеміз. Бәсекеге қабілетімізді арттырдық. Білім мен ғылымда,
мәдениет пен спортта топ жарып жүрміз. Жастарымыз жарыстардан жүлдесіз
қайтпады. Әлем сахналарында Әнұранымыз шырқалды. Осыдан асқан бақыт
барма? Еуразия жүрегінде, ӛркениеттердің ұштасқан орталығында кӛптеген
ұлт пен ұлыстың құтты мекеніне айналған ұлы далада азат елдің ұстазы
болудан асқан бақыт жоқ. Ата- бабаның асқақ арманының жолында ұлағатты
ӛскелең ұрпақ бой түзеп келе жатыр. Болашақпен бағытталып, келешекпен
кемелденетін ақылды жастарымыз кӛк байрақты тӛмен түсірмесі анық.
Тәңірден келген Тәтті сыйдың еңсесін биік ұстау ӛз қолымызды. Алла Тағала
бізді осы бақытымыздан айырмасын…
Достарыңызбен бөлісу: