тақырыптарының кӛтеретін мәселесі деп санаймын. Баланың оған ӛресі жете
ме? Әлде оқушылардың барлығынан болашақ филолог мамандар даярлап
жатырмыз ба? Мақсатты күрделендіре бергеннен не ұтамыз? Шын мәнісінде,
осы мақсаттар орындалып жатыр ма? Мұғалімдерге нақты мақсатарды беріп,
қалыпқа салып тастаған жоқпыз ба? Міне, осы сұрақтар ұстаздар қауымын
алаңдатып жүр. «Қазақ тілі мен әдебиетін» оқытуға байланысты ӛзекті мәселер
кӛтеріп жүр. Әрине, оқу бағдарламарында ӛзгеріс болатыны, оқу
мақсаттарының қолжетімді болатыны айтылып жатыр. Ол –
уақыттың
еншісінде. Оң ӛзгерістер болып жатса, құба-құп.
Әйтсе де, жаңа бағдарламада оқу мақсаттары қалай берілсе де, әдебиеттің
ӛз мақсатын әрдайым жадымызда сақтауымыз, әрбір мұғалім тӛмендегі
мақсаттарды назарда ұстау керек деп санаймын.
1. Әдебиет – кӛркем тарих. Әдебиет арқылы қазақтың тарихын оқыту.
Сонау бастан, о бастан,
Жаралғалы қара жер,
Жаралғалы кӛк аспан
Естеми мен Бумынның,
Адамзаттан бағы асқан.
Тӛрт бұрышы дүниенің
Соларменен санасқан, -
деп, ақын
Қадыр Мырза-Әли жырлағандай, әлемнің тӛрт бұрышын
мойындатқан батыр елдің ұрпағы екенімізді, біздің ерлігіміз қызыл тілдің
күшінде, ақ найзаның ұшында екенін санасына сіңіруіміз керек. Шығармаларды
талдата отырып, елім, жерім дейтін, ӛр мінезді ұрпақ ӛсіруіміз керек.
2. Ұлттық болмысымызды таныту. Салт- дәстүрімізді, ұлтқа тән ұлы
қасиеттерімізді, бір ауыз сӛзге
тоқтайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет кӛрсете
білетін ұлтқа тән асыл қасетттерімізді бойларына сіңіруіміз керек.
3. Кӛркем шығармалар арқылы тәрбиелеу. Әдебиет – тәрбие құралы.
Әдебиет – ізгіліктің ӛзегі, иманның тірегі, адамгершіліктің ұрығы.
Кейіпкерлерге талдау жасата отырып, жақсысын үйретіп, жаманынан
жирендіру. Оқушыларды кӛркем әдебиеттің озық үлгілерімен таныстыра
отырып, олардың кӛркемдік талғамын, ӛзіндік дүниетанымын
қалыптастыру,
сӛйтіп, әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін ояту, одан ӛз қажетіне керегін ала
білуге үйрету. Кӛркем шығарманың идеясы арқылы нәзік сезім иірімдеріне әсер
ете отырып, жаны тазы ұрпақ тәрбиелеу.
4. Сӛздік қорын молайту, пікірін кӛркем тілде жеткізе білуге үйрету.
Теориялық талдаудан бірінші кӛркем баяндау (айтылым) дағдыларын
қалыптастыру керек. Оқыған шығармаларының мазмұнын тізбектей отырып
мазмұндау, оқиғалар желісі бойынша басты оқиғаларды баяндау, шығарманың
жеке бӛліктерін детальді мазмұндау ,
кейіпкерлерге мінездеме беру, портрет
жасау, суреттеу, мәтін тіліне жуық мазмұндау, стильдік ерекшеліктерді сақтай
отырып мазмұндау – кӛркем шығарманы талдауың аса маңызды әрекеттері.
Міне, мазмұнын баяндау барысында мұғалім проблемалық сұрақтарды қоя
отырып, сабақ мақсатына жетелейді.
Міне, осы мақсаттарға қол жеткізгенде ғана оқушылар теориялық
талдауға, айшықтау құралдарын тауып және оны шығармашылық жұмыстарда
қолдана алуға, кӛркемдік құндылығына баға беру дәрежесіне кӛтеріле алады.
Содан кейін ғана жаңартылған білімнің мақсаттарына қол жетеді.
«Әр бала дұрыс тәрбие мен сапалы білімнің негізінде адам болып ӛседі»,-
деп белгілі ғалым Асқарбек Құсайынов атап кӛрсеткендей, саналы тәрбие,
сапалы білім беру – бүгінгі күннің ӛзекті мәселесі. Бүкіл адамзат баласының
ертеңі, баянды болашағының кілті – ұстаздардың қолында. [3] Олай болса, ұлт
алдында ұстаздар қауымына жүктелетін жауапкершіліктің салмағы ауыр.
Ұлттық болмысымызды сақтай отырып, заман талабына сай білім беру – басты
мақсатымыз.
Достарыңызбен бөлісу: