Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет21/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту 
құралы ретінде» Алматы 2002 жыл 
2. Жұмабекова А.Л. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту». 
3. Оқыту технологиясының түрлері. Куәлік №1235 11 қазан 2012. Самашова 
Г.Е., Құрымбаев С.Ғ., Егоров В.В. және т.б. 
4. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тәсілдері. Оқудың жеке тұлғаға
бағытталуының он тәсілі. «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы. 3 апта, 5 күн 
материалынан.
5. Ж.Әбиева, С.Бабаев, А.Құдияров. Педагогика. Оқу құралы. Алматы. Дарын. 
2004.448б. 
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ - МҦҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ 
ҚҦЗІРЕТТІЛІГІ 
Бурибаева Раушан Оразбековна 
Т.Рысқҧлов ауданы Д.Қонаев ауылы 
№5 шағын орталықты орта мектебі 
«Еліміздің ертеңі мен бүгіні - жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»
Н.Назарбаев 
ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша 
білім беру жолында түбегейлі ӛзгерістер жүріп жатыр. Олай болса, мектептегі 
білім беру ісі ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңалықтармен 
суарылып отыруы тиіс.
Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың 
бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды 
факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, 
сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда ӛз орнын табуға, ӛзін 
шығармашылықпен ӛзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс.
Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты 
мақсаты – ой-ӛрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, 
дүние - танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан - жақты қалыптасқан 
жеке тұлға тәрбиелеу.
Елбасы Н. Назарбаев еліміздің дамыған, ӛркениетті елу елдің қатарына 
қосылу үшін бірінші кезекте ғылым мен білімнің дамуына, оның негізгі орта 
мектеп түлектерінің білім сапасына баса назар аудару қажет екендігін айта 
келіп, нақты міндеттер жүктеді. 
Осы міндеттерді алға тартып, еліміз оқытудың жаңа кезеңіне кӛшті. Ол - 
нәтижеге бағытталған білім беру. Нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз – 
жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру. Ал құзырлық дегеніміз – тереңнен 
берілетін білім. 
Қазіргі заман мұғалімінің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып 
келе жатқан заманда ӛмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай ӛзін - ӛзі толық 


жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және 
бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, 
құзыретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалім қаншалықты 
білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.
«Құзыреттілік» ұғымы педагогика саласында тұлғаның субъектілік 
тәжірибесіне ерекше кӛңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. 
Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «компетенс» белгілі сала бойынша 
жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір 
сұрақтар тӛңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді»,- 
деп кӛрсетеді. «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы 
мәдениетімен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деген болатын Т.Г. 
Браже. 
Оқушының құзырлылығын қалыптастыру үшін мұғалімнің ӛзі бір-
құзырлыққа жетуі керек. Бүгінгі таңда мұғалімге қойылатын талап та күшті.
Мұғалімге ӛз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы кӛру, 
баланың кӛзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Білім беруде кәсіби 
құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша ӛз пәнін жетік білетін, 
оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, 
тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен ӛзінің іс-
қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын 
толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана 
білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – оның
жан-жақты білімі мен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін 
меңгерумен ӛлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның 
құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Құзырлылық – белгілі сала 
бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да 
бір сұрақтар тӛңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Осы 
орайда, педагогикалық құзыреттілікті қалыптастырудың шарттарына тоқтала 
кетуді жӛн кӛрдім. 
Педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың шарттары:
1. Әдістемелік құзыреттілік – оқытудың әртүрлі әдістерімен қарулану, 
дидактикалық әдістерді білу, оларды оқыту процесінде білім мен іскерлікті 
меңгерту үшін қолдана білу; 
2. Зерттеушілік құзыреттілік – оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, 
құрылымы туралы жаңа білімді жасау үшін педагогикалық құбылысты, 
актілерді оқып үйренудің ғылыми әдістерімен қарулану;
3. Басқарушылық құзыреттілік – ӛз қызметі мен оқушы қызметін 
басқарутәсілімен, әдісімен қарулану; 
4. Ақпараттық құзыреттілік – қазіргі ақпараттық технологиямен қарулану, 
қажеттісін пайдалану;
5. Коммуникативтік құзыреттілік – ӛзінің кәсібилігін үздіксіз жетілдіру, жеке 
және қоғамдық ӛмірді дамыту.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімінен ұстаздық 
шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен ӛлшенеді. Мұғалімнің 
кәсіби құзіреттілігі – бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге 
бағытталған білім берудің негізі болмақ. Кәсіби құзыреттілік бір нәрсе жайлы 


беделді ой, кесімді пікір білдіруге мүмкіндік беретін білімділердің сипаттамасы 
ретінде қарастырылады. Ендеше, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі 
шарттары тӛмендегідей болмақ. 
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізгі шарттары: 
1.Тұлғааралық және еңбектегі байланыс. 
2.Қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, 
психологиялық аспектілерін меңгеруі. 
3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы 
дайындығы. 
4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті 
5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі. 
6.Тиімді шешім қабылдау қабілеті. 
Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-
әрекетіне, тәлім–тәрбиесіне, сана–сезіміне, дүниетанымына тікелей 
байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі егеменді 
еліміздің болашағын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті 
шешу педагогтердің кәсіби құзыреттілігінде. Олай болса, қоғам педагогтерге
үлкен үміт артып, педагогикалық шеберлікті, үлкен жауапкершілікті, кәсіби 
құзыреттілікті талап етеді. 
Кәсіби құзыреттілік – ӛз бетінше және жауапты әрекет жасауға мүмкіндік 
беретін белгілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, ғылыми-кәсіби 
дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте міндеттерді шешу үшін 
еңбек субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалімнің кәсіби 
құзыреттілігі білім беру нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, ӛз 
кезегінде, тіпті қоғамның жағдайының сапалы ӛзгеруіне әсер етеді. 
Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін 
сӛйлеуіне, ӛз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-ӛрісін кеңейту – 
оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны ӛз мүмкіндігіне қарай білім, 
дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс. 
Жас ӛркеннің жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы 
мұғалімдердің білімі мен кәсіби шеберлігіне, мемлекет пен халық алдындағы 
азаматтық парызына деген жауапкершілігіне тікелей қатысты. «Мектептің 
жүрегі – жақсы мұғалім» деп ұлы даланың дана педагогы Ыбырай Алтынсарин 
айтқандай, бүкіл мемлекеттің, тұтас ұлттың болашағы – ұстаздардың қолында. 
Қазіргі заман талабына сай пәнді оқытуда жаңа тақырыптарды оқушылардың 
ӛздеріне меңгере алатындай билік беру, ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға 
бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы жүзеге асырылады. 
Қай пәннің мұғалімі болмасын, ӛзінің пәніне деген оқушының қызығушылығын 
арттыру басты міндеті болып саналады. Білімді әрқашанда жүйелі, құрылымы 
жағынан мазмұнды етіп беру, әр түрлі әдіс- тәсілдермен түрлендіру әр 
мұғалімнің ӛз шеберлігіне байланысты.
Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік 
интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз 
етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның 
тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға 


негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың 
таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне кӛшу болып табылады. 
Сондықтан қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – 
білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім 
жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан 
даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму 
жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол 
елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті 
мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті құзыретті маман мойнына 
жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. 
Қазіргі заман талабына сай білім сапасын арттыру жолында мұғалімдердің 
құзіреттілігін 
қалыптастыра 
отырып, 
кәсіби 
дәрежелерін 
заманауи 
технологияларға сай кӛтеріп, дамыту еліміздің білім беру саласындағы басты 
мақсаты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет