саралау тапсырмалары, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық
жұмыс, даму ерекшелігі, әдіс-тәсіл, бейімділік, қабілет.
ХХІ ғасырдың адамы - жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар
бойынша ой-ӛрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары,
адамдармен, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның
пікірімен санасатын, кез келген қиын жағдайдан шығудың жолын таба білетін,
жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рӛл атқаратын,
қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Мұндай жеке тұлға болып
қалыптасуына мектеп қабырғасынан алатын тәрбиесі мен білімі басты орында
тұрады. Балаға мектептен берілетін ұлттық білім үлгісінің басты бағыты –
адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, сол арқылы оның рухани
жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің
қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Осы бағытта білім беру үшін
мектептегі пәндерді оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруға
бағыттаудың бүгінгі күннің басты талаптарының бірі екендігі баршаға аян.
Баланың танымдық белсенділігін, дүниетанымын қалыптастыру әр сабақтың
мазмұнында болуы керек. Балаға әр пән бойынша берілетін білім мазмұнында
осы нәрселер басты орында тұруы керек. Ол үшін мұғалім ӛз міндетін
шығармашылықпен атқарып, әр сабақта оқытудың түрлі тәсілдерін орнымен
қолдана білуі керек. Осындай мақсатқа бағытталған тәсілдердің бірі- саралау
тапсырмалары арқылы оқыту.
Ең біріншіден, жалпы саралау тапсырмалары дегеніміз не, оның
қолданылатын орны қайда, мақсаты қандай, нәтижесі қалай болмақ деген
сұрақтарға жауап іздеп кӛрелік.
ХХ ғасырдың 20-жылдары кеңестік, шетелдік, яғни әлемдік педагогикада
саралап оқыту туралы зерттеулер қарастырыла бастады.
Біздің алаш зиялыларының педагогикалық ой-тұжырымдарын қарап
отырсақ, бұл мәселе назардан тыс қалмаған. Алаш зиялыларының еңбектерінде
баланың жас ерекшеліктері, олардың қажеттіліктері туралы тұжырымдарын
кӛруге болады. Мысалы, Мағжан Жұмабаевтің «Педагогика» атты еңбегінде:
«Баланың әсерленуі, суреттеу, ойлау һәм сезінуі ержеткен адамнан әжептәуір
басқа. Баланың бұл жан кӛріністерінің әрқайсысының жеке-жеке алғанда
басқалығы болған сықылды, бұлардың бәрін тұтас алғанда да басқалық бар» -
делінген [1].Осы оймен пікірлес Ахмет Байтұрсынұлында: «Бала білімді
тәжірибе арқылы ӛздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның біліміне
шеберлігінің керек орны, ӛздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын
қысқарту үшін, сол жолдан балалар қиналмай ӛту үшін, балаға жұмысты әліне
шағындап беруі мен бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыру керек» [2, 336 б.], –
дейді. Алаш зиялыларының еңбектерінде дәл қазіргідей «саралап оқыту,
саралау тапсырмалары» деген термин қолданылмағанымен, пікірлері осы
қазіргі зерттеулердегі «саралап оқыту», «тапсырмаларды саралап беру» деген
ұғымдармен сабақтасып жатыр.
Қазіргі жаһандану, бүгінгі жаңалықтың ертеңгі тарихқа тез айналып
жатқан заманында балалардың жас ерекшелігіне сай білім мазмұнын меңгеруі,
қабылдауы, олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мұғалімнің
алдына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Әр балаға жеке индивид деп қарайтын
болсақ, оларға берілетін білім мазмұны бірдей болғанымен, берілу жолдары әр
түрлі болуды қажет етеді екен. Себебі, бүгінгі күннің ӛзекті мәселесі, әр
баланың танымы, қызығушылығы, қабылдауы әр басқа болғандықтан
мұғалімнің
баламен
жүргізетін
жұмысы
да
жан-жақтылықты,
шығармашылықты талап етеді. Бұл бүгінгі күннің ӛзекті мәселесіне айналып
отыр. Ӛзекті дейтін себебіміз әр баланың ӛзіндік даму ерекшелігі бар.
Сондықтан да біз қазіргі таңда барлық баланы бірдей әдіспен оқыта алмаймыз.
Әр
баланың
ерекшелігін
ескере
отыра,
оның
қажеттілігін
қанағаттандыратындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып оқыту қажет. Міне, осы
қажеттілікті ӛтеуде бірге кӛмекке келетін бірден-бір жол осы, саралап оқыту
екен.
Саралап
оқытудың мақсаты: Әртүрлі оқушының бейімділіктерін
айқындауға, қабілетін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау.
Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі
оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғалімнен әрбір
оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей
отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.
Саралап оқыту (дифференциация) латын тілінен алынған сӛз, яғни біртұтас
затты түрлі бӛліктерге, нұсқаларға, сатыларға бӛліп жіктеуді, саралауды
білдіреді, ал француз тілінде айырмашылық, ерекшелік дегенді білдіреді. Қазақ
тілінде «саралау» ұғымы жеке, ерекше, бӛлекше дегенді білдіреді. Сонымен,
саралап оқыту дегеніміз – пән бойынша берілетін білім мазмұнын мұғалімнің
сыныптағы оқушылармен жекелеп, жұптап, топтап меңгертудегі оқу үдерісін
ұйымдастыру түрі. Ол қалай жүзеге асады? Әрине, білім алушымен жұмыс
жасау арқылы жүзеге асады. Сонда білім алушымен жүргізілетін жұмыс – бұл
баланың ерекшелігіне сай (жас ерекшелігі, есте сақтау қабілеті, ойлау
ерекшеліктері, темперамент, білім мазмұнын қабылдау деңгейі, баяулығы,
шапшаңдығы,
зейіні,
кӛшбасшылық
қабілеті,
шығармашылдығы,
қызығушылығы т.б.) пән мазмұнына құрылған саралап берілетін тапсырмалар
жүйесі.
Саралау тапсырмаларының тиімділігі неде? Саралау тапсырмаларын
қолданудың тиімділігі – ӛз бетімен дами алатын, әртүрлі ӛмірдің
қиындықтарына тӛзе білетін, белсенді, білімді жеке тұлға тәрбиелеуге
бағытталған білім беру. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейі, білімді
менгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес. Бұл мұғалімнен әр
оқушыға жекелей қарауды қажет етеді. Саралап оқыту оқушының да,
мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыттайтын тиімді
тәсілдердің бірі. Әрине, саралап оқыту саралау тапсырмалары арқылы жүзеге
асады.
Саралау тапсырмалары міндетті үш деңгей және шығармашылық деңгейден
тұрады. Тапсырмаларды деңгейлеп алудағы мақсат – білім алушыны «жақсы
оқиды», «жаман оқиды» деп жікке бӛлумен намысына тимей, керісінше
барлығы жұмыла жұмыс жасайтындай күйге жеткізу. І деңгейдегі тапсырманы
сынып жаппай орындайды, бұл тапсырманы орындауға барлық оқушы міндетті.
Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, ӛмірмен
байланысты болуы керек.
Екінші деңгейдің тапсырмалары күрделене түседі. Мазмұны ӛткен
тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы ӛз бетімен
жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар дайындалады.
Үшінші деңгейдегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушы ӛзі тұжырым
жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады.
Оқушының ӛзі қосымша материалдарды пайдаланып, мәтіндермен жұмыс
жасайды. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Ӛзіне керек материалдарды
іздеп, тауып оқиды.
Тӛртінші деңгейлік тапсырма дарынды, қабілеті жоғары балаға арналады,
тақырып беріп, ізденуге ӛзі мақсат қояды. Мұғалімнің кӛмегінсіз барлығын ӛзі
орындай біледі.
Егер оқушылар І деңгейдегі міндетті тапсырманы орындап, қалған
деңгейлердің тапсырмаларын орындау қиын болып жатса, үйде орындауға беру
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |