Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет9/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Оралбаева Н. Жақсылықова Қ. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін 
оқыту әдістемесі, А: 1996 жыл. 
2. Қожамқұлова Ж. «Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар» Алматы, 
2013 ж. 
3.С.Мирсеитова, Ә.Іргебаева «Әрекеттегі PWCTфилософиясы мен әдістері» 
Алматы, 2006 
 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА КӚРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ 
ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Тӛңкерқызы Айгҥл 
Ақмола облысы, Целиноград ауданы Софиевка ауылы ЖББОМ- нің қазақ 
тілі мен әдебиеті пәнінің мҧғалімі, зерттеуші педагог
Танымның бар тамашасы – кітапта,
оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа. 
Абай 
Қазақ әдебиеті пәні - адамзатты тәрбиелеуші, адам баласын ізгілікке 
жетелеуші күш. Кӛркем шығарманың құдіреті оқушысына ең жақын адамдар 
бере алмайтын дүниені береді. Яғни, сезім тәрбиесін, достықтың ережесін кӛп 
адам 
кӛркем 
әдебиеттен 
үйренеді, 
адамдар 
қарым-қатынасындағы 
шынайылықты танып, жасандылықтан жиренеді, рухы биік кейіпкерден рух 
алып, сол кейіпкердей парасат, ақыл иесі болуға ынталанады, елжанды болып 
тәрбиеленеді. 
Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан 
бастап білім алушылардың 60 
пайызының ӛз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Кӛркем 
шығарманы оқымау - қазақ әдебиетін оқытудағы басты мәселелердің бірі. Бұл 
олқылықты болдырмау үшін, алдымен, қазақ әдебиетін оқыту барысында 


оқушылардың кӛркем мәтінді сүйсініп, әрі түсініп оқып, оқырмандық 
мәдениетін қалыптастыруымыз қажет. Ендеше, кӛркем әдеби шығарманы 
оқушыларға оқытудың қандай тиімді тәсілдері бар деген сұрақ туындайды. Осы 
орайда әрбір мұғалім оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін терең талдаудан ӛткізіп, 
тақырыпты ашатын әрі оқу мақсатына жетудің тиімді әдісті таңдауы тиіс.
Бүгінгі таңда кӛркем шығарманы оқытуда СТО, АКТ, диалогтық оқыту, 
жобалап оқыту, сатылай кешенді талдау қатарлы түрлі әдіс-тәсілдерді 
қолданудың тиімділігі ӛте зор. 
 
Тәжірибемде СТО әдісінің «Джиксо», 
«INSERT», «Әдебиет үйірмесі», «Бас кейіпкер әдісі», «Соңғы сӛйлемді мен 
айтамын», «Бас кейіпкерге хат», «Авторға хат», «Тұжырымдамалық кестені», 
т.б. әдістерін жиі қолданамыз. 8-сынып қазақ әдебиетінде Д.Исабековтың 
«Әпке» драмасын ӛткенде «Әдебиет үйірмесі»
 
әдісі ӛте тиімді. 
1.Баяндаушы (Шығарма мазмұнын баяндайды.) 
2.Ізденуші (Тақырып туралы ақпарат, мәлімет жинайды.) 
3.Сұрақ қоюшы (шығарма негізінде сұрақтар дайындайды.) 
4. Сілтеме табушы (шыығарманың ең қызық жерін табады. Оны неге қызық 
деп тапқанын түсіндіреді) 
5.Бейнелеуші-суретші (Оқиға желісімен сурет салады) 
6.Дәнекер (шығарма оқиғасын ӛмірмен байланыстырады) 
Сонымен бірге шығарманың үзінділерімен жұмыс жасау, кӛркем шығарманың 
заманауилығы мен жаңашылдығына баға беру, бӛлшектен тұтасқа, тұтастан 
бӛлшекке, сыни шолу жазу мақсаттарына тіптен тиімді.
Кӛркем шығарманы оқыту барысында мәтін мазмұнын меңгертіп қана 
қоймай, автор кӛтерген басты идеяға оқушылардың назарын аудару қажет деп 
ойлаймын. Шығарманың идеясымен қоса тарихи маңызы, әдеби құндылығы, 
философиялық тереңдігі ашылуы тиіс. Оқушы қазақ әдебиетінде шығарманың 
мазмұнын меңгеріп, тәрбиелік мәнін де бойына сіңіріп, ізгілікпен рухтанып, 
шығармадан сабақ алуы керек.
Психолог Искра Даунистің тәсілі "сүйікті кейіпкер хаты" деп те аталады. 
Бала таңертең оянғанда бӛлмесіне оның сүйікті ертегі кейіпкері (мысалы 
Кенжекей) хат қалдырғанын кӛреді. Хатта Кенжекей балаға сыйлығы бар екені 
және оны қай жерге жасырып қойғаны жазылған. Бала расымен сыйлықты 
тауып алады және келесі күні де хат тауып алады. Бірақ бұл жолғысы сәл 
ұзақтау. Кенжекей ӛзінің қызық оқиғаларын, бала ӛміріндегі маңызды 
нәрселерді жазады. Күн сайын хат ұзарып, күрделене түседі. Осылайша хатты 
оқу арқылы баланың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға болады- 
екен. 
Кӛркем шығарманы оқытуда сабақта АКТ-ны қолдану ӛте маңызды, 
ӛйткені ол оқушылардың білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығын 
арттырады. Мысалы, Kahoot қосымшасы, Wardwall веб сервисі/ойын/, Quizizz
 
қосымшасы, Lerning apps сервисінде түрлі ойындар, Thinglink сайтымен ақын-
жазушылардың ӛмірімен де таныстырып, Google формада Абай 
Құнанбайұлының шығармаларын, қара сӛздерін, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек», 
О.Бӛкей «Атау кере», М.Әуезов «Абай жолы», т.б., тӛменгі сыныптарда 
«Қобыланды батыр», «Батыр Баян», «Қыз Жібек», т.б. осы сияқты кӛлемді 
шығармалардың негізгі мазмұнын меңгертуге арналған сұрақтарды, тестерді


құруға, кейіпкерлер бейнесін талдауға мүмкіндік береді. Уақытты тиімді 
пайдалануға, сонымен қатар жаңа тақырыпты тереңдете түсу үшін бұл 
қосымшаларды кең кӛлемде қолдануға болады. Сыныпта оқушылар сұрақтарды 
талқылап, жауаптарын смартфон, компьютер немесе планшет арқылы 
жолдайды. Әрбір оқушының сұраққа қалай жауап беріп отырғанын, сондай-ақ 
барлық сынып оқушыларының үлгерім диаграммасын, жеке оқушының ӛз 
нәтижесін арнайы кестеден бақылауына мүмкіндік береді. Бұл шығарма 
мәтініне қарай сұрақтар құрастыру оқушының ойлау қабілетін дамытып қана 
коймай, сабаққа деген ынтасы мен талпынысын арттыруға кӛмектеседі. Ӛзара 
бәсекелестік туындап, жарысып, жоғары ұпай жинауға мақсат қояды. Әсіресе, 
кӛлемді шығармаларды толық оқуға, әдеби мазмұнды меңгеруге, негізгі 
оқиғаларды есте сақтауға тырысады. 
Тағы да бір, ресми деректерге сүйенсек, мектеп жасындағы білім 
алушылардың 40% әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. 
Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша, адамдардың сауаттылық 
деңгейінің тӛмендеуі оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан
оқырман болуға үйретпеуден болған кӛрінеді[1]. Олай болса, «Кітап дегеніміз - 
алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани ӛсиеті. Кітап оқудан 
тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік-деп, Ғ. Мүсірепов айтқандай, әр 
оқушының кӛркем шығарманы ӛздігінен оқуын ынталандыруда сыныптан тыс 
уақытты да пайдалану керек. Оқушыларға ӛздері оқыған кӛркем шығармаларын 
есте сақтағандай, оқырман күнделігін жүргізуге дағдыландыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет