микромолекулалы жұмсақтығы. Табиғи жоғары малекулалық қосылыстар (целлюлоза,
крахмал, лигин, белоктар және нуклеин қышқылдары) ерте заманнан мәлім. Оларды
жануарлар мен өсімдіктер әлемінен көптеп кездестіруге болады. Жоғары малекулалық
қосылыстар химия ғылымының бір саласы ретінде өткен ғасырдың 30-жылдарында
қалыптасып, бұл күнде дамудың жоғары сатысына көтерілді.
Жоғары молекулалық қосылыстар табиғи немесе синтетикалық болуы мүмкін.
Табиғи түрлеріне ақуыздар, полисахаридтер, табиғи шайырлар, каучук және т.б. жатса,
синтетикалық полимерлерге полиэтилен, полистирол, полиамидтер, фенолды шайырлар
және сол сияқты қосылыстар кіреді.
Үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиеттер бар қосылыстарды
жоғары молкеулалық қосылыстар немесе
полимерлер деп атайды.
Ең қарапайым органикалық полимер – полиэтилен, ол этиленнің полимерленуінен
түзіледі. Этиленнің екі молекуласы қосылып, бутилен молекуласын құрайды:
CH
2
=CH
2
+CH
2
=CH
2
→ CH
3
−CH
2
−CH=CH
2
Алғашқы зат этилен
мономер деп, ал түзілген бутилен
димер деп аталады. Этиленнің
үш малекуласы қосылса – тример, төртеуі қосылса – тетрамер және т.б. болады. Ал егер
мономердің
n молекуласы қосылса, онда
полимер түзіледі («поли» - көп деген сөз).
n CH
2
=CH
2
→ [ – CH
2
−CH
2
−]
n
Көп рет қайталанатын мономерлерден немесе мономерлердің негізгі бөлігінен
тұратын топтар
буындар деп, ал буындардан құралған үлкен малекула
макромолекула деп
аталады. Полимерлік тізбектің соңында тұратын топтар
соңғы топтар деп аталады.
Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны жоғары малекулалық қосылыстардың
полимерлену дәрежесін көрсетеді. Ол Р