182
сульфат иондары атқарады. Кейде, эмульсияларды бұзу үшін оған беттік активті заттарды
деэмульгатор ретінде қосады.
Күнбағыс майы мен суға гидрофилді тұрақтандырғыш ас тұзын қосып шайқаса,
М/В
тектегі ақ түсті сұйық эмульсия түзіледі. Гидрофилді ас тұзының орнына гидрофобты
кальций хлоридін қосса,
В/М
тектегі ашық сары түсті, тұтқыр эмульсия пайда болады.
Егер осындай ас тұзымен тұрақтандырылған
М/В
тектегі эмульсияға кальций хлориді мен
ас тұзының сәйкес 5: 1 мөлшерін қосса, онда эмульсия
В/М
тектегі эмульсияға айналады.
Ал кальций хлориді мен ас тұзы мөлшері сәйкес 4 : 1 болса, онда эмульсия тұрақсыз
болады. Мұндай майдың орташа тамшысында судың бірнеше түйіршіктері пайда болады.
Онан әрі осы судың әрбір тамшысында май түйіршіктері пайда болуы мүмкін (3-сурет).
3-сурет
Берілген эмульсия тегін анықтаудың бірнеше тәсілі бар. Айталық, берілген змульсия
үлгісінде суда жақсы еритін, мысалы, метиленді көк бояуын қосады. Егер эмульсия
М/В
текте болса, онда микроскоп арқылы карағанда судың көк бояуымен қатар майдың
түссіз тамшысы көрінеді. Ал егер
В/М
тектегі эмульсия болса, онда түссіз май
тамшысының тұсында судың көк бояуы байқалады. Мұндайда судың барлық
тамшыларының бояла беруі шарт емес. Сондай-ақ эмульсия тегін анықтау үшін оның
электр өткізгіштігін өлшеу де қолданылады.
М/В
тектегі эмульсиялар электр тогын
өткізеді, өйткені ондағы үзіліссіз фаза су. Ал үзіліссіз фазасы май болатын
В/М
тектегі
эмульсиялар электр тогын өткізбейді.
Достарыңызбен бөлісу: