179
Суспензия
1. Суспензия. Тұрақтылығы және тұрақтандыру.
Суспензия — қатты дисперстік
фазаның сұйық дисперстік ортада таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты
бөлшектер дің өлшемі 0,1 мкм<г<10 мкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәрежесі төмен
болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмемдейді де тез тұнбаға шөгеді (1-
сурет).
1-сурет
Суспензиялардың дисперстілігін микроскоп, электронды микроскоп сияқты
оптикалық немесе седиментациялық анализ көмегімен анықтауға болады. Суспензиялар
да коллоидты ерітінділер сияқты конденсациялық немесе дисперсиялық тәсіл арқылы
алынады. Осы процесс кезінде алынатын бөлшекті дисперстілік дәрежесі қажетті шекте
болатындай етіп жүргізеді. Сондай-ақ, суспензиялар да коллоидты ерітінділср тәрізді
өзінен өтетін жарықты шашыратады және жұтады, осы тұста ескертетін жай, жарық өткен
коллоидты ерітінді мөлдір болып кері-неді. Оның электрокинетикалық қасиеттері
коллоидты ерітіндінікіне ұқсас келеді. Сол секілді суспензиядағы бөлшектердің дегта-
потенциалы зольдегімен шамалас. Егер суспензияға элсктролит енгізсе, онда оның ұю
құбылысы байқалады. Кейбір жағдайда суспензияға беттік активті заттар немесе жоғары
молекулалық қосылыстарды қосу арқылы оны тұрақтандыруға болады. Мұнда
тиксотропия құбылысы коллоидты ерітіндідегіден гөрі артық.
Суспензиялардың табигаттағы алар орны ерекше. Айталық геологиядағы және
жер қыртысындағы көптеген процестер суспензия құбылысымен байланысты:
седиментациялық құбылыс салдарынан таутастан түрлі жыныстардың пайда болуы, өзен
сулары арнасынан асқанда олар өзімен бірге көптеген сазды балшық пен құмды, қоқысты
сыртқа шығарады және олар қоюлана келіп, қатты денеге айналады. Сол сияқты
суспензиялар техникада да үлкен роль атқарады. Мысалы, табиғи не синтетикалық
каучуктен резина алу үшін әуелі күкірттің каучуктегі суспензиясын дайындау керек; түрлі
құрылыс және баспа бояулары олифа майында не органикалық еріткіштерде тұрақталған
суспензия. Ал құрылыста жиі колданылатын цемент пен ізбестің судағы «ерітінділері» де
суспензия; саз балшықтың судағы суспензиясы керамика өндірісінің негізгі шикізаты.
10>
Достарыңызбен бөлісу: