Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Эмульсия. Эмульсияны классификациялау. Концентрленген және



Pdf көрінісі
бет143/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

2. Эмульсия. Эмульсияны классификациялау. Концентрленген және 
сұйытылған эмульсиялардың тұрақтылығы. Эмульгаторлар. Эмульгаторларды 
тұрақтандыру механизмі.
Эмульсияларды алу және бұзылу әдістері. Эмульсия және 
эмульсияландырудың практикалық маңызы.
Эмульсия — екі сұйықтың бір-бірінде 
еріген микрогетерогенді системасы. Эмульсиядағы дисперсті фаза да, дисперстік орта да 
бірдей агрегаттық күйде, атап айтқанда сұйық коллоидты система екен. Егер мұндай 
системаларды бірі екіншісінде ерімейтін сұйықтар құрайтын болса, онда ұзақ уақыт 
сақталады. 
Эмульсиялардағы дисперсті фазаны құрайтын шар тәрізді бөлшектердің өлшемі әр 
түрлі болады: кәдімгі көзге көрінетін бөлшектен бастап коллоидтық дәрежедегі 
дисперстілікке дейін эмульсиядағы дисперстік фазаның бөлшектері көбінесе 0,1 —10,0 
мкм аралығында болады. Сондықтан да оларды кәдімгі жай оптикалық микроскоп арқылы 
байқауға болады. Эмульсиялар да суспензиялар тәрізді 
табиғат пен өндірісте кең 
таралған
. Мысалы, сүт, жұмыртқаның сары уызы, құрамында дисперстелген суы бар 


180 
мұнай, каучук өсімдіктерінің шырыны, салқын күйдегі металды өңдеуге қолданатын 
техникалық эмульсиялар және басқалар. Полимер өндірісінде эмульсиялық полимерлеу 
әдісі қолданылады. Егер полимерлеу тек мономер басқа сұйықта еритін катализатормен 
тікелей түйіскенде ғана жүретін болса, онда осы шартқа сәйкес жағдай жасалады. 
Мұндайда өзінде катализаторы бар сұйықпен түйісетін мономердің беткі қабаты біраз 
артады да, оған орай болатын по-лимерлеу реакциясының жылдамдығы сонша есе артады. 
Дисперстік ортаның ролін су атқарып, дисперстік фаза ретінде — майлар, 
минералды майлар, бензол, толуол және басқалар қолданылатын эмульсиялар жиі 
кездеседі. Суда ерімейтін сұйықтардың бәрін «май» деп атап, оларды 
М 
әрпімен, ал суды 
В 
әрпімен таңбалайды. Дисперстік фазаның аталуын бөлшектің алымына, ал дисперстік 
ортаны бөліміне жазады. Мысалы, майдың судағы эмульсиясы болып келетін кәдімгі 
сүтті, сол сияқты бензол немесе толуолдың да судағы эмульсияларын 
М/В 
деп белгілейді. 
Алсудың мұнайдағы және судың сары майдағы змульсиялары 
В/М 
деп көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет