Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2



Pdf көрінісі
бет142/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14
ароматты косылыстар, GoovhG1V3TGhv5GOrpQEjNUVlEt7gXGZKn8D8Onn
Конденсациялық әдіс 
бойынша екі не одан да көп электролиттер ерітіндіде 
химиялық реакцияласқанда және осы өнімнің бірі тұнбаға шөгінді күйінде түскенде 
қолданылады. Мысалы, Ка
2
СОз + СаС1
2
= СаСОз{ + 2МаС1. Сондай-ақ, кейбір жоғары 
дисперстіліктегі ұнтақтарды өртеп, мысалы, мырыш оксидін, алады. Бұл реакция 300°С-та 
жүреді. Ал газ және сұйық отындарды оттек жеткіліксіз жағдайда жаққанда күйе алынады. 
Егер конденсациялық әдіс кезінде алынған зат ірі болса, оны ұнтақтайды. 
Дисперсиялық әдіс. 
Бұл әдіс бұрында қарастырылған механикалық диірмен, 
коллоидты диірмен, ультрадыбысты аспаптармен берілген заттарды ұнтақтауға 
негізделген. Осында ұнтақталған заттарды електен өткізіп, оларды өлшеміне орай 
сұрыптайды. Қолданылған диірменге орай түрлі ұнтақтар алынады. Ұнтақтардың өлшемін 
талдап, бақылайды. Ол үшін електен өткізу, седиментациялық және адсорбцияны өлшеу 
сияқты тәсілдерді пайдаланады.
 


179 
Суспензия 
1. Суспензия. Тұрақтылығы және тұрақтандыру.
Суспензия — қатты дисперстік 
фазаның сұйық дисперстік ортада таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты 
бөлшектер дің өлшемі 0,1 мкм<г<10 мкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәрежесі төмен 
болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмемдейді де тез тұнбаға шөгеді (1-
сурет). 
1-сурет 
Суспензиялардың дисперстілігін микроскоп, электронды микроскоп сияқты 
оптикалық немесе седиментациялық анализ көмегімен анықтауға болады. Суспензиялар 
да коллоидты ерітінділер сияқты конденсациялық немесе дисперсиялық тәсіл арқылы 
алынады. Осы процесс кезінде алынатын бөлшекті дисперстілік дәрежесі қажетті шекте 
болатындай етіп жүргізеді. Сондай-ақ, суспензиялар да коллоидты ерітінділср тәрізді 
өзінен өтетін жарықты шашыратады және жұтады, осы тұста ескертетін жай, жарық өткен 
коллоидты ерітінді мөлдір болып кері-неді. Оның электрокинетикалық қасиеттері 
коллоидты ерітіндінікіне ұқсас келеді. Сол секілді суспензиядағы бөлшектердің дегта-
потенциалы зольдегімен шамалас. Егер суспензияға элсктролит енгізсе, онда оның ұю 
құбылысы байқалады. Кейбір жағдайда суспензияға беттік активті заттар немесе жоғары 
молекулалық қосылыстарды қосу арқылы оны тұрақтандыруға болады. Мұнда 
тиксотропия құбылысы коллоидты ерітіндідегіден гөрі артық. 
Суспензиялардың табигаттағы алар орны ерекше. Айталық геологиядағы және 
жер қыртысындағы көптеген процестер суспензия құбылысымен байланысты: 
седиментациялық құбылыс салдарынан таутастан түрлі жыныстардың пайда болуы, өзен 
сулары арнасынан асқанда олар өзімен бірге көптеген сазды балшық пен құмды, қоқысты 
сыртқа шығарады және олар қоюлана келіп, қатты денеге айналады. Сол сияқты 
суспензиялар техникада да үлкен роль атқарады. Мысалы, табиғи не синтетикалық 
каучуктен резина алу үшін әуелі күкірттің каучуктегі суспензиясын дайындау керек; түрлі 
құрылыс және баспа бояулары олифа майында не органикалық еріткіштерде тұрақталған 
суспензия. Ал құрылыста жиі колданылатын цемент пен ізбестің судағы «ерітінділері» де 
суспензия; саз балшықтың судағы суспензиясы керамика өндірісінің негізгі шикізаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет