Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Полимерлердің төмен малекулалық қосылыстардан ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет150/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14

Полимерлердің төмен малекулалық қосылыстардан ерекшеліктері.
Полимерлердің төмен молекулалық қосылыстармен салыстырғанда бірқатар ерекше 
қасиеттері бар: 
1.
Полимерлердің малекулалық массасы үлкен және макромолекула 
тізбекті құрылымды, яғни макромолекуланың ұзындығы оның көлденең мөлшерімен 
салыстырғанда бірнеше есе үлкен. 
2.
Полимерлер полидисперсті немесе полимолекулярлы, яғни бір полимер 
ұзындықтары әр түрлі макромолекулалардан тұрады, немесе буындар саны әр түрлі 
болады. Макромолекуланың ұзындықтары әр түрлі болса, олардың малекулалық массасы 
да әр түрлі. Сондықтан молекулалық масса полимерлер үшін тұрақты шама емес. 
3.
Полимерлер тек қатты және сұйық күйде болады, оларды газ күйіне көшіру 
мүмкін емес. 
4.
Полимерлер еру алдында ісінеді. Төмен молекулалық заттардан өзгеше 
қасиеті ерудің алғашқы сатысында біржақты диффузия болады, яғни еріткіш 
молекулалары полимер малекуласына енеді. Соның салдарынан полимер молекулалары 
бірнеше есе үлкейеді, тек содан кейін ғана ол ериді. Ал кейбір полимерлер мүлдем 
ерімейді, тек ісінеді.
5.
Ерітіндіден еріткішті айдап шыққанда полимер кристалл түрінде бөлінбейді, 
қабықша (пленка) түзеді. 
6.
Полимерлер ерітіндісінің тұтқырлығы өте жоғары. 
7.
Тек полимерлерге тән қайтымды деформациялық қасиет, оны жоғары 
эластикалық қасиет дейді. Мұндай қасиеттер каучук пен резеңкеде анық байқалады. 
8.
Полимерлердің 
химиялық 
реакцияларының 
төмен 
молекулалық 
қосылыстардың химиялық реакцияларынан өзгеше ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер 
полимердің тізбекті құрылысына тікелей байланысты. Соның әсерінен реакция 
жылдамдықтары кеміп немесе артуы, қосалқы реакциялардың жүруі ықтимал. 
Жоғарыда 
келтірілген 
ерекшеліктер 
жоғары және 
төмен 
молекулалық 
қосылыстардың қасиеттерінде елеулі айырмашылықтар барын көрсетеді және 
полимерлердің ерекше күйдегі заттар екенін дәлелдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет