183
Әдетте таза сұйықтағы көбіктер көпке төзбейді және
олар тез жарылып немесе
біріге келіп жойылады. Көбіктерді тұрақтандыру мақсатымен сұйыққа белок, таниды
сияқты жоғары молекулалық қосылыстарды қосады, олар
газ
—
сұйық
жанасу шегіндегі
беткі қабатқа адсорбцияланып, берік қабат құрастырады.
Көбіктерді беттік активті
заттарды пайдаланып та тұрақтандыруға болады. Олар
газ
—
сұйық
жанасу шегінде
бағыттала адсорбцияланып, берік қабықша түзеді. Көбікті тұрақтандырушы заттарды
көбік тудырушылар деп те атайды.
Өмірдегі, өндірістегі көбіктердің
қолданылмалық мәні ерекше, атап айтқанда,
минералды майды пайдаланып жүргізген флотациядан гөрі көбікті қолдану әрі тиімді, әрі
арзан. Ұнтақталған кенді минералды майды пайдаланып флотациялағанда, оларды суға
салып, шамалы ғана флотореагент — эмульгаторды қосып араластырады. Осы кезде түрлі
силикаттар мен карбонаттар секілді керексіз өнімдер гидрофильді реагент ретінде тұнбаға
шөгеді.
Көбікті флотация кезінде ұнтақталған кенді сумен және көбік тудырушы заттармен
араластырады. Су құнды өнім бетіне адсорбцияланған кезде оған гидрофобты сипат бере
алатындай флотореагентті қосады. Енді осы гидрофобты
бөлшектер көбікке жабысып,
жоғары көтеріледі. Флотация жүргізілетін астаудың төменгі жағында орналасқан
трубаның майда тесігінен қысылған ауа жіберіледі. Осы кезде пайда болатын көпіршіктер
қажетті өнімді өзіне жабыстырып жоғары көтереді, керексіздер тұнбаға шегеді.
Сол сияқты көбіктер тамақ өнеркәсібінде де кең қолданылады. Мысалы, қант
шырынын диффузиялық әдіспен тазалағанда, сұйық көбік қолданылады. Олар түрлі
кондитерлік
кремдер мен зефирлерді, сүт және шырын коктейльдерін әзірлегенде де
пайдаланылады.
Көбіктің пайда болуы кейбір процестер үшін зиянды. Технологиялық процестер
кезінде пайда болатын мұндай сұйық көбіктерді жоюға тура келеді.Көбік сөндіргіштер,
көбінесе, көбікті
тұрақтандырғышпен әрекеттесіп, көбікті сөндіреді немесе көбік
тұрақтандырғыштарды реагентті ортадан ығыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: