Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Эмульсияларды алу және бұзылу әдістері



Pdf көрінісі
бет145/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14
ароматты косылыстар, GoovhG1V3TGhv5GOrpQEjNUVlEt7gXGZKn8D8Onn
 
2.1. Эмульсияларды алу және бұзылу әдістері. 
Эмульгатор көмегімен тұрақтандырылмаған сұйық эмульсияларды бұзу үшін, оларға 
шамалы ғана электролит қосса жеткілікті, осы кезде эмульсияның электрокинетикалық 
потенциалы төмендеп, ол оңай бұзылады. Мысалы, бу машинасында пайда болатын 
конденсатты эмульсияны бұзу үшін, оған алюминий сульфатын Aℓ
2
(SO
4
)
3
қосады. 
Мұндағы май тамшысының зарядын анықтайтын кері ион ролін алюминий немесе 


182 
сульфат иондары атқарады. Кейде, эмульсияларды бұзу үшін оған беттік активті заттарды 
деэмульгатор ретінде қосады. 
Күнбағыс майы мен суға гидрофилді тұрақтандырғыш ас тұзын қосып шайқаса, 
М/В 
тектегі ақ түсті сұйық эмульсия түзіледі. Гидрофилді ас тұзының орнына гидрофобты 
кальций хлоридін қосса, 
В/М 
тектегі ашық сары түсті, тұтқыр эмульсия пайда болады. 
Егер осындай ас тұзымен тұрақтандырылған 
М/В 
тектегі эмульсияға кальций хлориді мен 
ас тұзының сәйкес 5: 1 мөлшерін қосса, онда эмульсия 
В/М 
тектегі эмульсияға айналады. 
Ал кальций хлориді мен ас тұзы мөлшері сәйкес 4 : 1 болса, онда эмульсия тұрақсыз 
болады. Мұндай майдың орташа тамшысында судың бірнеше түйіршіктері пайда болады. 
Онан әрі осы судың әрбір тамшысында май түйіршіктері пайда болуы мүмкін (3-сурет). 
3-сурет 
Берілген эмульсия тегін анықтаудың бірнеше тәсілі бар. Айталық, берілген змульсия 
үлгісінде суда жақсы еритін, мысалы, метиленді көк бояуын қосады. Егер эмульсия 
М/В 
текте болса, онда микроскоп арқылы карағанда судың көк бояуымен қатар майдың 
түссіз тамшысы көрінеді. Ал егер 
В/М 
тектегі эмульсия болса, онда түссіз май 
тамшысының тұсында судың көк бояуы байқалады. Мұндайда судың барлық 
тамшыларының бояла беруі шарт емес. Сондай-ақ эмульсия тегін анықтау үшін оның 
электр өткізгіштігін өлшеу де қолданылады. 
М/В 
тектегі эмульсиялар электр тогын 
өткізеді, өйткені ондағы үзіліссіз фаза су. Ал үзіліссіз фазасы май болатын 
В/М 
тектегі 
эмульсиялар электр тогын өткізбейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет