Бағдарламасы студенттері үшін шымкент, 2023 2


Тұрақтандыру және солюбилизация



Pdf көрінісі
бет138/163
Дата22.05.2024
өлшемі4,58 Mb.
#202759
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   163
Байланысты:
1o8jpdncqJpB9LArsctL2Ms8POaKSemXzuEP9c14
ароматты косылыстар, GoovhG1V3TGhv5GOrpQEjNUVlEt7gXGZKn8D8Onn
2.3. Тұрақтандыру және солюбилизация. 
Коллоидты БАЗ-дың тұрақтандыру 
қабілеті олардың фазааралық қабатқа адсорбциялануымен анықталады. Олардың беткі 
қабаттағы концентрациясы жоғары болғандықтан, көлемдік концентрациядан бірнеше есе 
артық болады. Адсорбциялық қабатта да БАЗ мицелласындағы полсті емес топтардың 
топтасуы жүреді. Ондағы адсорбциялық қабаттың құрылысы БАЗ-дың табиғатына, 
фазааралық бетке, осы беттің адсорбциялану дәрежесіне, ортаға енген түрлі 
қосымшаларға байланысты. БАЗ-дағы адсорбциялық қабатты лиофиль дейді, ал ол су 
ерітіндісінде болса, оны гидрофиль дейді. Мұның нәтижесінде ондағы бөлшектер 
жақындағанда тербіледі. Ал егер осы құбылысты ионогенді БАЗ әкелсек, онда қос электр 
қабаты электрокинетикалық тербелісте болады. Ионогенді емес БАЗ ерітінділері үшін 
электрокинетикалық әсер болмайды. Мұндағы дисперстік системаны тұрақтандыру – 
коллоидты химиядағы әлі шешімін таппаған жайдың бірі.
Солбилизация 
коллоидты 
БАЗ ерітіндісінің мицелла құрылысымен тығыз байланысқан қасиеттің бірі. Коллоидты 
БАЗ-дың концентрлі ерітіндісіне әуелде таза суда ерімейтін органикалық қосылысты 
қосса, ол ериді, мұны солбилизация дейді. Солбилизация кезінде термодинамикалық тепе-
теңдіктегі мөлдір ерітінді пайда болады. Коллоидты БАЗ ерітіндісінде еритін затты 
солбилизат деп атайды. Түрлі БАЗ-дың ерітіндідегі солбилизациялау қабілеті түрліше. 
Коллоидты БАЗ көмірсутекті тізбек ұзарған сайын онда коллоидты солбилизацияланатын 
органикалық қосылыстың мөлшері артады. Сол сияқты коллоидты БАЗ ерітіндісіндегі 
мицелла түрі шар тәрізді болған кезде, онда солюбилизацияланатын заттың мөлшері 
ерітінді концентрациясына орай артып отырады, ал мицелла түрі пластина тәрізді болса, 
онда жоғарылайды. Ол солюбилизацияланатын заттың құрылысына да тәуелді болады. 
Мәселен, солюбилизат ретінде көмірсутекті қолданса, онда оның молекулалық салмағы 
азайған сайын, коллоидты ерігіштік артады. Әдетте солюбилизатқа электролиттерді 
қосқанда да солюбилизация артады.
Қазір солюбилизацияны БАЗ мицелласында органикалық қосылыстардың еруі деп 
қарастырады. Оның түрлі механизмі болуы мүмкін. Полюсті емес көмірсутектер мицелла 
ядросында ериді (3, а-сурет), ал полюсті органикалық заттар (спирттер, аминдер) мицелла 
ерігенде, олардың көмірсутекті тізбегі мицелла ішіне, ал полюсті бөлігі су фазасына қарай 
бағытталады (3, б-сурет).
Беттік активті заттар 
Солюбилизат 
3-сурет 


175 
Коллоидты БАЗ ерітіндісіндегі мицелла пластина тәрізді болса, онда еритін 
органикалық қосылыс осы пластина арасына сынаша еніп, оларды ығыстырады және осы 
кезде ол мицелладағы полюсті емес көмірсутекті радикал арасына (өзіне ұқсас аралыққа) 
енеді. Бұл болжамның дұрыстығын сабын мицелласындағы пластина аралығын бірде 
солюбилизацияға дейін, бірде нақ осы мицелланы солюбилизациядан кейін 
рентгенографиялық әдіс көмегімен өлшеніп дәлелденді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   163




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет